Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы жылыту маусымына дайындалуда

Алматы жылыту маусымына дайындалуда

Әлеумет 16.08.2023, 03:40 1,051
Алматы жылыту маусымына дайындалуда

жылыту маусымына барлық жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев алдағы жылыту маусымына дайындық бойынша штабтың кезекті кеңесін өткізді.



Жөндеу және дайындық жұмыстарының аралық қорытындылары туралы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының, сондай-ақ «Алматы жылу желілері» ЖШС, «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС, «Алматы Су» МКК, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Алатау Жарық компаниясы» АҚ, «Қазтрансгаззаймақ» АҚ және т. б. басшылары баяндады.



Қала басшысы Алматының жылыту маусымына дайындығы ерекше бақылауда екенін, коммуналдық кәсіпорындар бекітілген кестеге сәйкес барлық дайындық шараларын аяқтауы қажет екенін атап өтті.


Энергетиктердің ақпараты бойынша, қалалық жылу энергетикалық кешеннің жылу беру кезеңіне дайындығы жоспар бойынша жүруде және ол 75,6% -ды құрайды. Бұл ретте газ желілерінің дайындығы 76,7%, сумен жабдықтау – 80%, электр желілері – 72%.


Қаланың қысқы маусымға 100% дайындығы 2023 жылдың 1 қазанына дейін қамтамасыз етіледі.



Осы жылдың жылуаралық кезеңінде Алматыда 17,7 км жылумен жабдықтау, 120 км электрмен жабдықтау, 43 км сумен жабдықтау, 29 км газбен жабдықтау желілері қайта жаңартылып, жөнделуде. 


Қазіргі уақытта Алматы қаласының тұтынушыларына үздіксіз жылу беруді қамтамасыз ету үшін «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС 84 қазандығын жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


Дайындық жұмыстары «Алматы электр станциялары» АҚ нысандарында да жүргізілуде: жылыту маусымының ойдағыдай өтуі үшін энергетикалық генерациялайтын жабдыққа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. ЖЭО-2-нің 5 қазандығын жөндеу аяқталды, бұл мегаполис тұрғындарын жылыту маусымында жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бекітілген кестеге сәйкес биылғы жылдың қараша айына жоспарланған қосымша 3 қазандықты жөндеу жұмыстары қазан айының соңына дейін аяқталатын болады.Бұл шаралар жылыту маусымын уақтылы бастауға және қыркүйек айының соңында айналымды бұруға мүмкіндік береді.


Кеңес барысында Ерболат Досаев әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді күзгі-қысқы кезеңге дайындау мәселесіне ерекше назар аударды. Энергетиктердің деректері бойынша тұрғын үй қорының дайындығы бекітілген кестеге сәйкес – 59,5%, білім беру объектілері – 76,2%, денсаулық сақтау – 66,4%.


Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі энергетика басқармасына бірқатар тапсырмалар берді: жылумен жабдықтау объектілеріндегі дайындық жұмыстарының барысын бақылауға, сонымен қатар реконструкциялау аяқталған соң Бостандық ауданының бұрыннан бар 200 мыңнан астам тұтынушысын, сондай-ақ перспективадағы тұтынушылардын (салынып жатқан тұрғын үй кешендерін) жылумен қамтамасыз ететін Южный аудандық қазандығына ерекше назар аударды. Сондай-ақ, қала басшысы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін жол жабындысын және басқа да орындарды қалпына келтіру бойынша барлық жұмыстарды аяқтау туралы тапсырма берді.


Айта кетерлігі, қалалық нысандарды алдағы жылыту маусымына дайындау мәселелері бойынша кеңестер ай сайын өткізілетін болады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #маусым #жылу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.