Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Алматы Жазы» акциясы аясында Алматыда 5200-ден ас...

«Алматы Жазы» акциясы аясында Алматыда 5200-ден астам ағаш санитарлық мақсатта кесілді

Әлеумет 05.07.2024, 10:17 1,006
«Алматы Жазы» акциясы аясында Алматыда 5200-ден астам ағаш санитарлық мақсатта кесілді
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Апатты ағаштарды санитарлық мақсатта кесу қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі, бұл Алматы қаласы әкімдігінің ерекше бақылауында, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Бүгінде осы бағыт бойынша жұмыстар қаланың барлық ауданында жүргізілді. Алатау ауданында 500, Әуезов ауданында 700, Алмалы ауданында 900, Бостандық ауданында 900, Медеу ауданында 100, Жетісу ауданында 300, Наурызбай ауданында 400 және Түрксіб ауданында 1400 ағаш санитарлық мақсатта кесілді. «Алматы Жазы» науқаны аясында 5 200 ағаш санитарлық мақсатта кесілді.

 

Ағашты санитарлық мақсатта кесудің уақытылы жүргізілмеуі адамның денсаулығына және мүлікке зиян келтіруі мүмкін. Осыған байланысты ауру және қураған ағаштардың басын санитарлық және пішіндеп кесу жұмыстарын күшейту дауыл, қатты жел мен нөсер кезінде бұтақтардың құлау мүмкіндігін азайтады.

 

Алматы қаласының жасыл желегін күтіп-ұстау және қорғау ережесіне сәйкес, ағаштың пішініне, олардың жасына қарай өзгеретіне, кесуге төзімділік сынды өсімдіктердің түрлік және биологиялық ерекшелігін ескере отырып, барлық норма сақталып санитарлық мақсатта кесіледі. Санитарлық кесуден кейін ағаштың кесілген жері арнайы жасалған құралдармен өңделеді.

Науқан өткізу барысында қауіпті еңісте өскен ауру және қураған ағаштарды кесу көзделген. Оның орнына 10 есе көп мөлшерде көшет отырғызылады.

Естеріңізге сала кетейік, «Алматы Жазы» науқаны биыл 6 шілдеде аяқталады. Бұл іс-шара Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылатын және елді мекендердің аумағын абаттандыру мен көгалдандыруға, сондай-ақ халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өтіп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы Жазы #акция #Ағаш кесу #Ағаш отырғызу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.