ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматы жатақханалары студенттерді қабылдауға дайын...

Алматы жатақханалары студенттерді қабылдауға дайын емес

Білім және ғылым 24.08.2022, 05:24 1,424
Алматы жатақханалары студенттерді қабылдауға дайын емес
Сурет: Уandex.kz
95 жатақхананың 20-сы оқу жылына дайын емес, бесеуінің жағдайы мүшкіл.

95 жатақхананың 20-сы оқу жылына дайын емес, бесеуінің жағдайы мүшкіл.


Алматыда жоғары оқу орындарының жатақханалары тексерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


«КТК» телеарнасының ақпаратына сәйкес, жатақханаларды депутаттар, қоғам белсенділері және Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінен құралған  комиссия тексерген. Тексеру барысында көптеген кемшіліктер анықталған. Мысалы, Қыздар педагогикалық университеті жатақханасындағы ас үйде су жоқ. Әкімшілік күрделі жөндеуге қаржы жетпейді деп отыр. Сондықтан қолда бардан жағдай жасауға тырысады.



«Ұйымның құқықтық мәртебесінің өзі қаржы тарту үшін белгілі бір мәселелермен айналысу керек екенін меңзеп отыр. Мемлекет бас тартпайды, бірақ қыруар қаржы талап ететін мәселелер бар: жатақхана салу немесе күрделі жөндеу, реконструкция, т.б.», - деді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Жанар Рыспекова.



Қазақ спорт және туризм академиясы жатақханасында құрылысшылар жөндеу жұмыстарын асығыс аяқтап жатыр. Әуелгіде әкімшілік студенттерге арналған таза, жайлы бөлмелерді көрсеткен. Бірақ кейін басқа бөлмелерді де көрсетуге мәжбүр болған. Олардың едендері лас, есіктері сызылған және төсек жабдықтары ескі болып шықты. Жатақханада тарақандар да табылған.


Бұл ғимаратта жуыну үшін студенттерге жертөлеге түсуі керек болады. Сондай-ақ, кір жуатын бөлме де сол жерде. Тексерушілер жыл сайын бірдей заң бұзушылықтар анықталатынын айтады. Алматыдағы 95 жатақхананың 20-сы студент қабылдауға дайын емес, бесеуінің жағдайы мүшкіл.



«Мониторинг аяқталғаннан кейін ұсынымдар әзірленеді. Әрине, біз бұл мәселені Алматы қаласы мәслихатында қарастырамыз. Amanat партиясы жанындағы білім беру кеңестерінде әрі қарай ұсыныстар беру арқылы қарастырамыз. Жоғары оқу орындарының басшылығы атсалысады, өйткені проблемалар көп және шешуді қажет етеді», - деді Алматы қаласы мәслихатының депутаты Әсия Ақанова.



Қазір шенеуніктер студенттерді қалай орналастыруды ойластырып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.