конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы жастары  "Таза Қазақстан" акциясын қолдады

Алматы жастары  "Таза Қазақстан" акциясын қолдады

Әлеумет 19.10.2024, 15:37 2,254
Алматы жастары  "Таза Қазақстан" акциясын қолдады
Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласында "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы аясында өткен ауқымды сенбілікке қаламыздың 1500-ден астам жастары қатысты.

Олардың қатарында қоғам белсенділері, студенттер және Алматыдағы барлық комьюнити орталықтардың резиденттері болды. Бұл іс-шара тек қаланы тазалаумен шектелмей, жастардың бірлігін көрсеткен маңызды шара болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алматы жастары экологиялық бастамаларға белсене қатысып, қоршаған ортаны қорғаудағы рөлін көрсетіп келеді. Сенбілік барысында олар қаланың саябақ аймақтарын жинастырып, жаңа ағаштар отырғызды. Бұл тек экологияны жақсартуға ғана емес, сонымен қатар болашақ үшін жастардың бірігуінің символына айналды.

«Біз қаламызды жасыл әрі таза ету үшін бірігіп жұмыс істегенде, тек қана ағаш отырғызып немесе тазалық  жұмыстарын жасамаймыз. Біз Алматы жастары нақты істерге дайын екенін көрсетеміз. Бұл — болашағымызға қосқан үлес. Әрқайсымыз қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауымыз керек», - деді өз сөзінде комьюнити орталықтарының резиденті Кемелбеков Мұхамеджан.

Әрбір қатысушы туған қалаға деген қамқорлық — бұл ортақ іс екенін көрсетті. Алматы жастары мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта да қаланы тазартуға бағытталған шараларға қатысатындары туралы айтты.

Айта кетейік, Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында 18-24 қазан аралығында халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қаланы көріктендіру мен көгалдандыруға бағытталған «Жарқын күз» акциясы өтіп жатыр.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТазаҚазақстан #ЖарқынКүз #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);