Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Алматы жастары» бағдарламасы қорытындыланды

«Алматы жастары» бағдарламасы қорытындыланды

Әлеумет 11.09.2024, 09:52 1,550
«Алматы жастары» бағдарламасы қорытындыланды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы  2024 жылғы 29 шілдеден 7 тамызға дейін болған «Алматы жастары» бағдарламасы аясында өтінімдерді қабылдауды аяқтады. Осы жылы www.almaty-zhastary2024.kz  платформасында 7072 өтінім берілді, бұл жастардың бағдарламаға деген қызығушылығының жоғары екендігін көрсетеді.

Бағдарлама аясында тұрғын үй сатып алуға кемінде 1200 заем беру жоспарланған.

Келіп түскен өтінімдерді салалар бойынша бөлу келесідей:

-         Денсаулық сақтау – 1662

-         Білім беру – 2434

-         Мәдениет – 430

-         Спорт – 129

-         ЖОО мен ҒЗИ – 717

-         Журналистер – 123

-         Әлеуметтік сала – 352

-         Құқық қорғау органдары – 538

-         Коммуналдық қызметтер – 433

-         Жұмыс істейтін жастар – 254

Мұқият қарастырудан кейін 1924 өтінім оң қаралып, мақұлданды.

Мақұлданған өтінімдер келесідей:

-         Денсаулық сақтау – 456

-         Білім беру – 662

-         Мәдениет – 165

-         Спорт – 42

-         ЖОО мен ҒЗИ – 196

-         Журналистер – 57

-         Әлеуметтік сала – 40

-         Құқық қорғау органдары – 170

-         Коммуналдық қызметтер – 105

-         Жұмыс істейтін жастар – 31

1200 өтінім беруші «Отбасы банк» АҚ-нан төлем қабілеттілігінен өту үшін жолдама алады. Жолдаманы алған қатысушылар 15 (он бес) жұмыс күні ішінде төлем қабілеттігін бағалаудан өту үшін «Отбасы банк» АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Төлем қабілеттілігін растаған қатысушылар 45 (қырық бес) күнтізбелік күні ішіндеалғашқы және екінші нарықта тұрғын үй таңдай алады.

724 қатысушы негізгі тізім бойынша төлем қабілеттілігін растау аяқталғанша резервтік тізімде болады. 5148 қатысушының құжаты қайтарылды. Қайтарылудың негізгі себептері жұмыс орнының бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуі, тұрғын үйге қажетті анықтамалардың болмауы, өтініш берген сәтте тұрғын үйдің болуы, соңғы 6 айдағы зейнетақы жинақтарының болмауы және т.б.

«Алматы жастары» бағдарламасының қорытындысы туралы басқа да толық ақпараттар www.almaty-zhastary2024.kz сайтында қолжетімді болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар #«Алматы жастары»
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы көліне апаратын жүргінші соқпағы 2026 жылы салынады

Бүгін 16:42

Алматыда жаңа перзентхана мен амбулатория құрылысына 3,6 млрд теңге бөлінеді

Бүгін 16:37

Алматыда тоғыз білім беру нысанының құрылысы аяқталып қалды

Бүгін 16:33

2026 жылы Алматының нақтыланған бюджеті 2,8 трлн теңге болды

Бүгін 16:28

Алматыда "Almaty Business – 2030" кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы ұсынылды

Бүгін 16:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.