ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы жастары «Анаға тағзым – Анаға құрмет» атты...

Алматы жастары «Анаға тағзым – Анаға құрмет» атты онлайн-челлендж бастады

Әлеумет 11.05.2025, 13:35 779
Алматы жастары «Анаға тағзым – Анаға құрмет» атты онлайн-челлендж бастады
Алматы әкімдігі
Бүгін – 11 мамыр, мамыр айының екінші жексенбісі, елімізде ең мейірімге толы, ең жүрекке жақын мерекелердің бірі — Аналар күні аталып өтуде.

Бүгін – 11 мамыр, мамыр айының екінші жексенбісі, елімізде ең мейірімге толы, ең жүрекке жақын мерекелердің бірі — Аналар күні аталып өтуде.

Осыған орай Алматы қаласының жастары «Анаға тағзым – Анаға құрмет» атты онлайн-челленджді бастап, әлеуметтік желілерде шынайы алғыс пен ыстық ықыластарын білдіріп жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Аталған челлендж ананың мейірімі мен махаббатына, төзімі мен даналығына деген алғыстың көрінісіне айналды. Қатысушылар қысқа Reels/TikTok видеоларды, архивтік фотосуреттер мен стористерді жариялап, анасының өмір жолындағы рөлін, қиын сәттерде демеу болғанын, өмірлік бағыт сілтегенін еске алуда. Көпшілік анадан алған тәлім-тәрбиенің – өзін-өзі дамыту, өзгеге көмектесу, мойымау секілді құндылықтардың – бүгінгі өміріне үлкен әсер еткенін атап өтуде.

Посттар #AlgysAnama #SpasiboMame #AnagaQurmet #ДеньМатери мынадай хэштегтермен жарияланып,
бұл ортақ хэштегтер аналарға арналған мыңдаған жүрекжарды жазбаларды бір арнаға тоғыстырып отыр.

Челленджге белгілі блогерлер, әртістер, спортшылар мен қоғам қайраткерлері белсене қатысып, акцияның мән-маңызын арттырды. Олар жастарды аналарды тек бір күнде ғана емес, күн сайын қадірлеуге, құрмет көрсетуге шақырды.

«Анам – менің ішкі бағдаршамым. Қиын сәттерде айтқан сөздері әлі күнге дейін санамда жаңғырып тұрады. Бүгінгі жетістіктерім – соның нәтижесі», – дейді челленджге қатысушы жас кәсіпкер Нұрбек Серикбаев.

«Анаға тағзым – Анаға құрмет» — жай ғана онлайн-акция емес. Бұл – ұрпақтар арасын жалғайтын, қоғамның рухани іргетасын қалыптастыратын шынайы бастама. Жылдам өзгеріп жатқан цифрлық заманда осындай жүректен шыққан шаралар адамды өз түп-тамырына, адами құндылықтарға қайта бет бұрғызады.

«Оқуға түсе алмай, бар үмітім үзіліп, өмірге ренжіп жүргенде, анам: «Сенің кезегің келеді» деп сенім сыйлады. Қазір мен грантпен оқып жүрмін және сол кезде айтқан анамның сөздерінің қандай маңызды болғанын түсіндім», – дейді студент Аружан Канапиянова.

Алматы жастары осы ерекше күні анаңызға деген алғысыңызды білдіріп, жүрекжарды естеліктеріңізбен бөлісіп, челленджге қосылуға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,182 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.