AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы жастары 2,5% - бен шағын несие ала алады

Алматы жастары 2,5% - бен шағын несие ала алады

Әлеумет 29.09.2023, 10:53 1,184
Алматы жастары  2,5% - бен шағын несие ала алады
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы азаматтардың кәсіпкерлік бастамасына қолдау шараларын көрсетіп келеді. Бұл туралы ӨКҚ брифингіне қатысқан басқарма басшысы Бауыржан Жаубасов мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 400 АЕК (1,380 млн.теңге) мөлшерінде өтеусіз мемлекеттік гранттар беріледі. Мемлекет басшысының «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атта жолдауында айтылғандай, жастарды жеңілдетілген несиелермен қамтамасыз ету үшін Агрокредиттік корпорациямен бірлесіп жастарды жылдық пайызы 2,5% - бен шағын несиелендіру жобасы іске асырылуда», - деп бөлісті Б.Жаубасов.



Микрокредит беру 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған, оларды өтінім беру сәтінде дара кәсіпкер ретінде тіркеу мерзімі 5 жылдан аспайды. Бағдарламаға жұмыс істейтін жастардың өкілдері де қатыса алады.


Несиелеу шарттары:


- қарыз сомасы: 5 млн. теңгеге дейін;


- сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 2,5% ;


- қарыз мерзімі: мал шаруашылығын дамыту үшін -7 жылға дейін, бизнестің басқа бағыттары үшін-5 жылға дейін.


Микрокредит мерзімінің ұзақтығының үштен біріне дейінгі негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең көзделген. Кепілмен қамтамасыз етудің болуы міндетті шарт болып табылады. Кепіл ретінде жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.


Өтінім беру үшін Сәтбаев көшесі, 5 мекенжайы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалына құжаттарды тапсыру қажет (agrocredit.kz). Қазіргі уақытта 52 адамның өтінімі рәсімделді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жұмыс #бағдарлама #азамат #қолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);