Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы ипподромына күрделі жөндеу керек

Алматы ипподромына күрделі жөндеу керек

Әлеумет 20.07.2023, 13:30 1,011
Алматы ипподромына күрделі жөндеу керек
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Еліміздегі  45 ипподромның ішіндегі ең үлкені Алматы ипподромы.


Тәуелсіздік алғалы бері ипподром жекеменшікте, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



"30 жыл бұрын Тәуелсіздік алған жылдары біздің мемлекет ат спортынан бас тартты, сондай-ақ ипподромдарды да қараусыз қалдырды. Жылқыны азық-түлік ретінде қаржыландыруды қолға алды. Сол себепті жекеменшіктің қолына берді. Тәуелсіздік алғалы бері ипподром жекеменшікте. Кейіннен Алматы әкімдігі сатып аламыз деді, сосын алмайтын болды. Біресе аламыз, біресе алмаймыз деп бірнеше рет ойланды. Ипподромның жағдайы жақсы деп айта алмаймын. Өйткені күрделі жөндеу керек. Бізге ол үшін бизнес-алгаритм керек. Ипподромды жөндеу үшін бизнесті жақсарту керек. Өкінішке қарай бізде ондай ақша табатын мүмкіндік жоқ. Біз тек ат қораларды жалға беріп, соның ақшасына ипподромды ұстап тұрмыз", - дейді Алматы ипподромы басшысының міндетін атқарушы Юрий Кищенко.



Мамандар "ипподром қорасын қалталылар ғана жалға алады" деген әңгіме қауесет дейді.


"Бәйге аттарын бағу оңай шаруа емес. Оның жем-шөбі, күтімі бар. Қорасы таза, спорттық құрал-жабдығы түгел болуы керек, бұнымен қоса қаншама маман жұмыс істейді. Мәселе байлардың аттарында емес, мәселе қандай да болсын кіріс көзіне ипподромды ұстап тұру", - дейді ипподром басшылығы.


Ал "Бәйге федерациясынның" мүшелері ипподром қолдан-қолға өтіп, тойдағы шапанның кебін киіп жатыр дейді.



"Алматы ипподромында 1930 жылы салынған қоралар бар. Бәйге өткенде отыратын орын жоқ. Кезінде сатып алған жекеменшік азамат бұл ипподромды сүріп тастап, орнына тұрғын үй салу үшін алған. Бірақ атбегілер қарсы болып, сол күйі қалып қойды. Біздің арманымыз осы Алматы ипподромын жергілікті әкімдік сатып алса дейміз. Шымкентте әлемдік стандарттағы ипподром салынған деп айтып жүр. Бұл өтірік. Алматы ипподромы 300 атқа арналса, Шымкент ипподромы 80 атқа ғана арналған. Ол жерде 20 атқа ғана қора бар. Бәйгеге кемінде 80 ат қатысады. Сонда алыстан келген аттар тұратын қора жоқ. Алыстан барған аттар қора іздеп босып кетеді. Ол қоралардың өзін қалталылар алып алған", - дейді "Бәйге федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Жомарт Сайболатов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#атбегі #ипподром #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«BIR TOLQYNDA» диалог алаңының қатысушылары жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 18:32

Өнер өкілдері жаңа Конституцияны қолдайтынын білдірді

Бүгін 18:29

Алматы депутаттары нақтыланған бюджетті қолдады

Бүгін 17:45

Антиқоғамдық әрекеттер жасалған: Алматыда түнгі клуб жабылды

Бүгін 17:42

Өмірді жинақтаушы сақтандыру: ол қалай жұмыс істейді және не үшін қажет?

Бүгін 17:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.