ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы имамдары мен еріктілері 680 мұқтаж отбасыға...

Алматы имамдары мен еріктілері 680 мұқтаж отбасыға құрбандыққа шалынған малдың етін жеткізді

Әлеумет 20.07.2021, 18:03 1,701
Алматы имамдары мен еріктілері 680 мұқтаж отбасыға құрбандыққа шалынған малдың етін жеткізді
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Діни қызметкерлер еріктілердің қолдауымен бүгін таңертеңнен бастап исламның заңдары мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, құрбандық шалу рәсімін бастады. Осылайша дін...

Діни қызметкерлер еріктілердің қолдауымен бүгін таңертеңнен бастап исламның заңдары мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, құрбандық шалу рәсімін бастады. Осылайша дін қызметкерлері qurban2021.kz. сайты арқылы қайырымды жандар тапсырыс берген құрбандық малын жеткізді.


Алматыда Құрбан айттың бірінші күні 220 жануар құрбандыққа шалынды, оларды Алматы тұрғындары онлайн құрбан етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Құрбан айт мерекесі екінші жыл қатарынан қашықтан өтуіне байланысты, құрбандық шалу рәсімі qurban2021.kz. интернет платформасында өтінім жасаған тапсырыс берушілердің қатысуынсыз өтті.



Бұл сайт өз кезегінде қайырымдылық жасайтындар мен мұқтаж адам арасындағы байланыстырушы құрал. Тапсырыс берушілерге рәсімді өткізу туралы толық бейнебаян көрсетіледі. Мұның бәрі арнайы мал сою орындарында адам көп жиналмайтындай етіп ойластырылған.




Сайт мүмкіндігін тек құрбандыққа шалғысы келетіндер ғана емес, мұқтаж адамдар да пайдалана алды.  Барлық ет аз қамтылған адамдарға таратылды. Мерекенің алғашқы күнінде 680 отбасы ет түрінде көмек алды. Оны дін өкілдері, имамдар мен еріктілер жеткізді.



«Орбита» мешітінің бас имамы Жанболат Сапашов құрбандық шалудың жаңа форматына қарамастан, игі іс жасап, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге шешім қабылдаған барлық еріктілерге, қайырымдылық жасаушыларға алғысын білдірді. Ол Алматының барлық тұрғындарына денсаулық, амандық пен Алланың рақымын тіледі.




Имамдардың айтуынша, тапсырыс берушілер құрбандық рәсіміне қатыса алмады деп алаңдаудың қажеті жоқ. Кез келген игі істі Алла Тағала міндетті түрде бағалайды. Дінге сәйкес, басқа мұсылманға өкілеттік беру арқылы жануарды өз атынан құрбан етуге рұқсат етіледі.



Мұқтаж жандарға көмек келесі екі күнде де жалғасады. Өз кезегінде көмек алған отбасы мүшелері, сондай-ақ жалғыз басты зейнеткерлер Алматы мұсылмандарының діни басқармасына, еріктілер мен қайырымдылық жасаушыларға  жомарттығы мен қайырымдылығы үшін алғыстарын білдірді.


Еске салсақ, биыл бүкіл әлемде Құрбан айт мерекесі індетке байланысты шектеулермен өтті. Алматыда құрбандық шалу рәсімдері онлайн түрде өтті, ал ұжымдық намаздарға тыйым салынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.