AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы ХҚКО-ларында заңсыз ақша алынған

Алматы ХҚКО-ларында заңсыз ақша алынған

Әлеумет 25.05.2022, 11:02 1,790
Алматы ХҚКО-ларында заңсыз ақша алынған
Сурет: 24.kz

400-ден астам тұлғадан 22 мың теңгеге дейін мемлекеттік баж негізсіз алынған.


Алматы ХҚКО-ларында мүгедектерден, жетімдерден және көп балалы аналардан заңсыз ақша алынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қадағалау органының қызметкерлері халықтың әлеуметтік осал топтарынан құжаттандыру қызметтері үшін мемлекеттік баж алу заңына талдау жүргізді.


ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 622-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктері, сондай-ақ шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiктерi берілген кезінде адамдардың белгілі бір санаты мемлекеттік баж төлеуден босатылады. Олардың қатарына:


ҰОС ардагерлері, оларға теңестірілген адамдар;


мүгедектер;


қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар;


балалар үйлерінде және (немесе) интернаттарда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;


жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;


«Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар жатады», - деп түсіндірді ведомство өкілдері.


Қадағалау органы ХҚКО-да әлеуметтік осал санаттағы 400-ден астам тұлғадан 22 мың теңгеге дейін мемлекеттік баж негізсіз алынғанын анықтады.



«Алмалы ауданының прокуратурасы «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ атына заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізді. Оны қарау қорытындысы бойынша ақшаны қайтару бойынша шаралар қабылдануда, КЕАҚ басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деді Алматы прокуратурасы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ХҚКО #Алматы #Баж
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);