AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы халықаралық Turkic Game Jam 2026 хакатоныны...

Алматы халықаралық Turkic Game Jam 2026 хакатонының алаңына айналды

Алматы Бүгін 17:13 51 yakiya
Алматы халықаралық Turkic Game Jam 2026 хакатонының алаңына айналды
Алматы әкімдігі

Алматыда жас әзірлеушілерді, дизайнерлерді және ойын индустриясының мамандарын біріктірген халықаралық Turkic Game Jam 2026 хакатонының жергілікті кезеңі аяқталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара Almaty Creative Hub алаңында өтті. Қатысушылар 48 сағат бойы түркі халықтарының мифтері, аңыздары мен мәдени мұрасынан шабыт алған ойын жобаларын әзірледі.

2026 жылы хакатон бір мезгілде алты елде ұйымдастырылып, түркі мемлекеттерінің GameDev қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ең ірі бастамалардың біріне айналды. Алматыда жобалардың финалдық қорғалуына 12 команда қатысып, сарапшылар алқасының назарына өз ойын әзірлемелерін ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша жергілікті кезеңнің жеңімпазы Teqes Studio командасы атанды. Енді олар қыркүйек айында Будапешт қаласында өтетін халықаралық гранд-финалда Алматының намысын қорғап, қатысушы елдердің үздік командаларымен бақ сынайды.

«Turkic Game Jam хакатонының ұйымдастырушыларының бірі ретінде бұл бастаманың қайтадан Алматыда өтуі және жергілікті GameDev қауымдастығының қарқынды дамып келе жатқанын көру біз үшін үлкен мақтаныш. Биыл біз заманауи цифрлық технологиялар мен түркі халықтарының бай мәдени мұрасының үйлесім тапқанын көрдік. Осы 48 сағаттың нәтижесі біздің күткенімізден де асып түсті», – деді Almaty Tourism Bureau директорының орынбасары Бақыт Елубаева.

Turkic Game Jam креативті индустрияларды дамытуға, жас таланттарды қолдауға және цифрлық технология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Мұндай бастамалар жас мамандардың кәсіби дамуына қосымша мүмкіндік беріп, Алматыдағы креативті индустрия экожүйесінің одан әрі дамуына серпін береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Хакатон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы есірткіге қарсы бірікті: ҚБТУ алаңында алып ту жайылды

Бүгін 16:51

Президент Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Жоғарғы сот төрағаларымен кездесті

Бүгін 16:40

Алматыда кезекті заңсыз нысан сүрілді

Бүгін 16:02

Алматыда Достық даңғылының, Зенков және Атамекен көшелерінің жекелеген учаскелерінде біржақты қозғалыс енгізіледі

Бүгін 16:01

Мемлекет басшысы Үкіметке бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізу жөнінде тапсырма берді

Бүгін 15:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);