AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматы халықаралық әуежайында күрес бойынша CISM ә...

Алматы халықаралық әуежайында күрес бойынша CISM әлем чемпионатынан оралғандарды қарсы алды

Спорт 25.11.2024, 18:45 724 dulatbekova
Алматы халықаралық әуежайында күрес бойынша CISM әлем чемпионатынан оралғандарды қарсы алды
Сурет: Gov.kz

Ереванда грек-рим және еркін күрестен өткен 37-ші әлем біріншілігінде армия спортшылары үш алтын және төрт қола еншіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Армия орталық спорт клубының басшылығы, әскери қызметшілер мен туған-туыстары күтіп алды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Армения астанасында грек-рим және еркін күрестен өткен CISM әлем чемпионатына әлемнің 24 елінен 400 спортшы жиналды. Қазақстан Армия орталық спорт клубының атынан чемпионатқа 17 әскер балуаны шықты.  

Жекпе-жектің нәтижелері бойынша еркін күрес шеберлері, ҚР Қарулы күштерінің қызметкері Камиль Куруглиев (97 келі) және ефрейтор Мейіржан Әшіров (70 келі) тұғырдың ең жоғарғы сатысынан көрініп, чемпион атанды. 130 келі салмақта грек-рим стилінде күрескен спортшы ефрейтор Әлімхан Сыздықовқа қарсылас шақ келмеді. 

– Қарсыластар мықты болды, жақсы дайындалғандары көрініп тұр. Әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғағаныма қуаныштымын. Тынымсыз жаттығулардың нәтижесі де жақсы болды. Бізді қолдағандардың барлығына алғыс айтамын, – деді чемпион Мейіржан Әшіров.

Біріншіліктің қорытындысы бойынша грек-рим стиліндегі балуан кіші сержант Айдос Сұлтанғали (60 келі) және ҚР Қарулы күштерінің қызметкері Рүстем Мырзағалиев (86 келі) қола медальдарға ие болды. Әйелдер күресінде үшінші орын ҚР Қарулы күштерінің қызметкерлері Светлана Анкичева (50 келі) және Марина Седнева (55 келі) иеленді.

– Спортшыларымыздың жеңісі Мемлекеттік Тудың көтеріліп, Қазақстан әнұраны орындалған кезде ерекше сезіледі екен. Біз үшін бұл сәт тебіренерлік мақтанышқа толы болды. Чемпиондарымызға зор еңбегі, ерік-жігері мен батылдығы үшін рахмет айтамын, – деді Қорғаныс министрлігі АОСК (Алматы филиалы) – Спорт комитеті оқу-жаттығу орталығының бастығы майор Берден Ақпанбеков.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Армия спортшылары #жеңіспен оралу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);