ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы Халықаралық әуежайында жолаушыларға арналға...

Алматы Халықаралық әуежайында жолаушыларға арналған акция өтеді

Әлеумет 12.03.2025, 09:44 689
Алматы Халықаралық әуежайында жолаушыларға арналған акция өтеді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
14 наурыз – жаңғыру мен татулық, қонақжайлық пен адамдар арасындағы жақындықты бейнелейтін Көрісу күніне орай Almaty Tourism Bureau Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара...

14 наурыз – жаңғыру мен татулық, қонақжайлық пен адамдар арасындағы жақындықты бейнелейтін Көрісу күніне орай Almaty Tourism Bureau Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Шекара бақылау департаментімен және Алматы халықаралық әуежайымен бірлесіп, шетелдік қонақтар үшін акция ұйымдастырады. Іс-шараның мақсаты – мерекелік атмосфера қалыптастырып, қазақ мәдениетінің негізгі ерекшеліктерінің бірі, қонақжайлығын көрсету, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Көрісу күні дәстүрі ауызбіршілік, сыйластық және басқосу қуанышына негізделеді. Дәл бұл күні Алматыға келген жолаушылар бұл жылуды сезіне алады. Төлқұжат бақылауынан өту кезінде оларға қаланы аралауға ыңғайлы болатын гид сыйланады. Бұл гид Алматының басты көрікті жерлерін таныстырады. Туристер көрген жерін белгілей алады. Бұл – жай ғана естелік сыйлық емес, қаланың негізгі көрнекті орындары, мәдени нысандары мен ерекше дәстүрлерін қамтитын дайын маршрут. Сонымен қатар, онда көлік бағыттары мен сервис қызметтері туралы ақпарат берілген, бұл қонақтарға қала ішінде жайлы әрі оңай жүріп-тұруына көмектеседі.

Акция 50-ден аса халықаралық рейспен келетін 5 мыңнан аса жолаушыны қамтиды. Алматыға келген қонақтар ұшақтан түсе сала қаланың қонақжай атмосфераны сезіне алады.

Бұл бастама – туристік қызмет сапасын арттыруға бағытталған «Best City Experience» бағдарламасының бір бөлігі. Алматы заманауи, қонақжай және мәдени бай қала ретінде оң имидж қалыптастырып келеді. Mastercard мәліметтеріне сәйкес, жоғары деңгейдегі сервис пен ерекше әсерлер туристердің қайта келу көрсеткішін арттырады. Мысалы, 2024 жылы олардың үлесі 25%-ға жетті.

Туристік тәжірибені жақсартуда шекаралық және кедендік бақылау қызметкерлерінің біліктілігін арттыру маңызды рөл атқарады. Қонақжайлық бойынша тұрақты фасилитациялық сессиялар олардың халықаралық жолаушылармен қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіруге көмектеседі, бұл өз кезегінде туристерге ыңғайлы орта қалыптастырады.

Tourism Insights (Mastercard) деректеріне сәйкес, Алматы Қазақстандағы туристік бағыттар арасында көш бастап тұр, Орталық Азия бойынша туристік сұраныстың 29,7%-ын иеленді. Қалаға әуе рейстерінің саны дәстүрлі әуе компанияларында – 24,7%-ға, ал лоукостерлерде – 44,5%-ға өсті. Сондай-ақ, қайта келушілер саны 78,6%-ға артқан, ал билет іздеу мерзімі 40 күнге дейін ұзарды. Әсіресе, Қытай мен Түркиядан брондау көрсеткіші өсіп, Алматының халықаралық аренадағы тартымдылығы артып келеді.

Көрісу күні – бұл достықтың, ауызбіршілік пен Қазақстанға келген әрбір адамға деген жылы қарым-қатынастың символы. Қол алысып, ізгі тілек айту дәстүрі адамдар арасындағы байланысты нығайтады. Осы мерекеге арналған акция ежелгі дәстүрлердің маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, елдегі туристік саланың дамуына да үлес қосады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,441 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,318 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.