AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы халықаралық әуежайына Дінмұхамед Қонаевтың...

Алматы халықаралық әуежайына Дінмұхамед Қонаевтың атын беру ұсынылды

Әлеумет 27.04.2022, 10:41 1,224
Алматы халықаралық әуежайына Дінмұхамед Қонаевтың атын беру ұсынылды
Сурет: Abai.kz

Мұндай ұсынысты Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов тастады. 


Сонымен бірге, ол ірі қалаларда ығы-жығы құрылыс салуға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Үкіметке елдің Нұр-Сұлтан, Алматы сияқты ірі қалаларында ығы-жығы құрылыстарға заңнама деңгейінде тыйым салу қажет. Ахуал шектен шығып барады, жергілікті әкімдіктер жағдайды игере алмай отыр. Кей жағдайда өз әрекетімен ахуалды ушықтыруда. Әкімдіктер мен құрылысшылардың шешімді ылғи кулуарда шешуі қала тұрғындарының әділетті наразылығын туғызып, өздерін жайсыз сезінуге себепкер болды. Президенттің тапсырмасына қарамастан, Алматыда бұл мәселе шешіліп жатқан жоқ. Алматы қаласы әкімдігінің қазіргі құрамына алдыңғылардан қолайсыз жобалар қалған. Үкімет деңгейінде жүйелі шешім қажет. Шын мәнінде бұл - айсбергтің су бетіндегі көрінісі ғана», - деді депутат Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың атына жолдаған сауалында.



Айтуынша, сәулет-құрылыс саласына бірқатар түйткілді мәселелердің жиынтығы бойынша тәртіп орнату қажет.



«Әкімдіктердің сәулет-құрылыс саласына қатысты шешімдері ашық шығарылмайды. Шешім шығару кезінде қала тұрғындарының, сәулетшілер мен урбанистердің пікірі ескерілмейді. Көлік, әлеуметтік инфрақұрылым қажеттігін ескерусіз шешім қабылданады. Құрылыс компанияларының жергілікті атқарушы органдарды манипуляциялауының салдарынан қалалық орта мен жасыл аймақтар деградацияланып, қалалардың құрылысы жүйесіз жүріп, «адам илеулері» пайда болып жатыр. Жалпы, қалалықтардың өмір сапасы нашарлады. Осылайша құрылыс компаниялары табысқа кенеліп, тұрғындар мен әкімдіктер проблемаларға тап келіп жатыр. Макродеңгейде бұл жағдай қалалардың теңгеріммен дамуына және ұлттың экономикалық, креативті өсу орталығына айналуына кедергі келтіреді», - деді ол.



Депутаттың пайымынша, бұл жағдай «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымына түбірімен қайшы.



«Сондай-ақ, Алматы тұрғындарының бастамасын қолдай отырып, Мемлекет басшысының Қапшағай қаласының атауын өзгерту бастамасының жалғасы ретінде Үкіметке Алматы қаласындағы халықаралық әуежайға Дінмұхамед Қонаевтың атын беруді ұсынамыз», - деді депутат.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұсыныс #депутат #құрылыс #есім беру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);