AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы хайуанаттар бағындағы ягуарлар егіз төл тап...

Алматы хайуанаттар бағындағы ягуарлар егіз төл тапты

Әлеумет 21.12.2022, 08:35 1,068
Алматы хайуанаттар бағындағы ягуарлар егіз төл тапты
Сурет: Inform.kz

Ана ягуар мен төлдердің жағдайы жақсы.


Жаңа жыл қарсаңында Алматыдағы хайуанаттар паркі қуанышты жаңалығымен бөлісті. Мекеменің қамқорлығындағы ягуарлар жұбы егіз төлдеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Васек пен Момын деп аталатын ягуарлардан туған төлдерге Мика және Мәди деген атаулар таңылған. Олардың бірі - еркек, бірі - ұрғашы.



«Олар 9 шілдеде туған, бірақ біз қазір ғана айтып отырмыз, өйткені өте ырымшылмыз және төлдердің өсуін күттік. Мика әкесіне ұқсайды, терісінің түсі қара, ал Мәди анасы сияқты, терісі теңбіл. Бірақ Миканың мінезі анасына тартқан, өте мейірімді, ал Мәди анасына ұқсаса да, әкесі Васек сияқты шапшаң әрі бұзық», - деп жазды зоопарктен.



Мамандардың мәліметінше, жалпы, ана ягуар мен төлдердің жағдайы жақсы. Кез келген үй марғаулары сияқты, Мәди мен Мика да бір-бірімен немесе анасының құйрығымен ойнағанды ұнатады.


Бұл жануарлар Оңтүстік Американың жылы елдерінен әкелінген. Олар қыста «Жыртқыш сүтқоректілер» павильонында тұрады.














Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Алматинский зоопарк (@almatyzoo)






Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Зообақ #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);