AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы хайуанаттар бағында тотықұстардың қатары то...

Алматы хайуанаттар бағында тотықұстардың қатары толықты

Алматы 24.07.2026, 14:45 369
Алматы хайуанаттар бағында тотықұстардың қатары толықты

Алматы хайуанаттар бағында бірден тотықұстың екі түрі балапан басты.

Кейінгі жылдары алғаш рет хайуанаттар бағында ала розелла тотықұстарынан балапан алынды. Мамыр айында осы жұп бес балапан басып шығарды. Бұл хайуанаттар бағы үшін айтулы оқиға. Ол құстарға қолайлы күтім, дұрыс азықтандыру және көбеюіне қажетті жағдайдың жасалғанын көрсетеді.

Тағы бір қуанышты жаңалық – кіші сақиналы тотықұстар жұбы мамыр айында үш балапан басып шығарды. Бұл құстар бірнеше жылдан бері тұрақты түрде ұрпақ өрбітіп келеді. Былтыр олар екі балапан басса, биыл ақпанда және мамырда екі рет балапан басып шығарды.

«Балапанның шығуы – олардың өзін жайлы сезінетінінің басты көрсеткіштерінің бірі. Әсіресе, ала розелла тотықұстарының балапан басуы біз үшін ерекше қуанышты жаңалық. Бұл құстарды құнарлы азықпен қамтамасыз етіп, тұрақты ветеринарлық бақылау жүргізіп, табиғи ортаға барынша жақын жағдай жасап жүрген мамандарымыздың күнделікті еңбегінің нәтижесі. Алдағы уақытта да қанатты мекендеушілеріміз бізді жаңа балапандарымен қуанта береді деп сенеміз», – деді Алматы хайуанаттар бағының экзотикалық құстар бөлімінің жетекшісі Айжан Сыбанбекова.

Құстардың әр түрінен балапан алынуы Алматы хайуанаттар бағы мамандарының жануарларды күтіп-бағу, көбейту және сақтау бағытындағы жұмысының тиімділігін дәлелдейді. Қолайлы орта, дұрыс азықтандыру және кәсіби күтім олардың табиғи жолмен көбейіп, өсіп-өнуіне мүмкіндік беріп отыр.

Алматы хайуанаттар бағы биологиялық алуан түрлілікті сақтауға, жануарларды көбейту бағдарламаларын дамытуға және хайуанаттар бағында өсірілетін түрлердің генетикалық тұрғыдан тұрақты популяциясын қалыптастыруға бағытталған жұмысты жалғастырып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Хайуанаттар бағы #тотықұс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);