ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы хайуанаттар бағы: жаңа түрлер, халықаралық...

Алматы хайуанаттар бағы: жаңа түрлер, халықаралық серіктестік және табиғатты қорғау миссиясы

Алматы 29.10.2025, 14:35 522
Алматы хайуанаттар бағы: жаңа түрлер, халықаралық серіктестік және табиғатты қорғау миссиясы
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған пресс-тур аясында журналистер мен блогерлер Алматы хайуанаттар бағының жаңартылған келбетімен және оның даму бағыттарымен танысты.

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған пресс-тур аясында журналистер мен блогерлер Алматы хайуанаттар бағының жаңартылған келбетімен және оның даму бағыттарымен танысты.

Биыл бақ ұжымы жануарларды көбейту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жеткен. Ветеринар дәрігер Юлия Дудкинаның айтуынша, 31 түрлі жануардан 87 төл алынған. Олардың арасында амур жолбарыстары, ақ қасқырлар, кенгуру, лемурлар, бұғылар мен таутекелер бар.

«Ең үлкен қуанышымыз – амур жолбарыстары жұбынан екі жолбарыс күшіктерінің дүниеге келуі. Бұл нәтижеге жету үшін төрт жыл бойы жүйелі түрде жұмыс істедік. Сонымен қатар, биыл екі жұп ақ қасқыр төлдеді – бірінен үш, екіншісінен бір бөлтірік туды. Бұл – Қазақстан үшін сирек кездесетін, ерекше құнды түрлер», – дейді маман.

Бақ әкімшілігі алдағы уақытта коллекцияны жаңа экзотикалық жануарлармен толықтыруды жоспарлап отыр. Жақын арада АҚШ-тан тамандуа мен алтыжолақты кіреукей, Канададан сілеусіндер жеткізілмек. Өз кезегінде Алматы хайуанаттар бағы сәтті көбейіп жатқан аққұйрық бүркіттерді шетелдік әріптестеріне табыстайды.

Коллекция жетекшісі Айман Едгебаеваның айтуынша, хайуанаттар бағының басты мақсаты – жануарларды көрсету ғана емес, табиғатты қорғау және жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

«Алматы хайуанаттар бағы жыртқыш құстарды – сақалтай, ақ иықты және ақ басты бүркіттерді, құзғындар мен грифтерді көбейту ісінде халықаралық деңгейде танымал. Америкалық Timbavati Wildlife Park ұйымы біздің бақта кумайлардың табиғи жолмен көбейіп жатқанын ерекше атап өтті. Бұл – бүкіл әлемдегі сирек жағдай және Алматы үшін үлкен мәртебе», – деді Едгебаева.

Қазір хайуанаттар бағына жаңа тұрғындар – тукандар, циветтер мен гиббондар келіп қосылған. Экзотариум да жаңа түрлермен толықпақ – мұнда варандар, игуаналар мен сирек кездесетін жыландар әкелінбек.

Сондай-ақ, ақ аю - Пургаға арналған вольердің жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Алдағы уақытта оған халықаралық бағдарлама аясында жұп таңдалады. Болашақта барлық вольерлер жануарлардың табиғи мекендеу ортасына барынша ұқсас жағдай жасау үшін қайта жабдықталады.

Бүгінде Алматы хайуанаттар бағы – елдегі табиғатты қорғау мен биоалуантүрлілікті сақтау ісіндегі жетекші орталықтардың бірі. Коллекцияны кеңейту, инфрақұрылымды жаңарту және шетелдік зоопарктермен әріптестікті нығайту бағытындағы жұмыс тұрақты жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.