Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы – гүл қала

Алматы – гүл қала

Әлеумет 29.05.2023, 08:34 1,927
Алматы – гүл қала
fishki.net

Алматыда жасыл желекті күтіп-баптаумен айналысатын мекемелер көпжылдық өсімдіктер отырғыза бастады. Мұндай гүлдер композиция жасауға ыңғайлы дейді мамандар. Көп ұзамай қалада ою-өрнек гүлмен көмкерілген кілемшелер пайда болады.



- Мына гүлдің аты - цинерария. Бұл кілем гүлдерді 1 шаршы метрге 80-90 данадан егеміз. Бізде бұл гүлдер «кілем гүлдері» деп аталады. Бұл гүлдер қыс түскенге дейін тұрады. Цинерария, сальвия, хлорофитум, осы гүлдерді егіп жатырмыз. Жалпы, қала бойынша биыл 180 мың шаршы метр аумаққа гүл егіледі. Мамандардың айтуынша, бір қала болғанымен, әр ауданның өзіндік климаттық ерекшелігі бар. Гүлдің сұрпы да соған қарай таңдалады. Гүлзардың көбі Медеу ауданында. Себебі, бұл жақта ортақ қолданыстағы саябақ пен аллея көп, - дейді Дәмеш Елшібекова.



- Бізде қала аумағында біржылдық және көпжылдық гүлзарлар отырғызылады. 2019 жылдан бастап көпжылдық гүлзарларды көбейтіп жатырмыз. Бізде 2019 жылы көпжылдық гүлзарлардың көлемі 17 пайыз болатын. Қазір ол көлем 60 пайызға дейін өсті. Көпжылдық гүлзарларды көктем және күз мезгілінде отырғызамыз. Алматыда наурыз айында қызғалдақтар бүр жарады. Оны күзде егіп тастайды. Көпжылдық өсімдіктер сұрпына қарай ерте көктемнен сары күзге дейін гүлдейді. Раушан, қалампыр, сары түймедақ, қоңыраугүл мен сиягүл қаланың ажарын ашып тұр, - дейді Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасының маманы Нұркен Ақмырза.


Алматыда гүл отырғызу жұмыстары маусымның ортасына дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Гүлдер #кілемше
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.