AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы есірткіге қарсы бірікті: ҚБТУ алаңында алып...

Алматы есірткіге қарсы бірікті: ҚБТУ алаңында алып ту жайылды

Алматы Бүгін 16:51 41 yakiya
Алматы есірткіге қарсы бірікті: ҚБТУ алаңында алып ту жайылды

Алматыда «Есірткіге жол жоқ» атты есірткіге қарсы ауқымды флешмоб өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда ҚБТУ ғимаратының алдындағы алаңда «Есірткіге жол жоқ» атты есірткіге қарсы флешмоб ұйымдастырылды. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, жастар ұйымдары, еріктілер мен қала тұрғындары қатысып, салауатты өмір салтын қолдау және есірткінің таралуына қарсы күреске өз үндерін қосты.

Шара жыл сайын 26 маусымда атап өтілетін Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай және есірткіге қарсы айлық аясында өтті.

Флешмобтың басты сәті – көлемі 10×5 метр болатын, «Есірткіге жол жоқ» деген жазуы бар алып тудың салтанатты түрде жайылуы болды. Бұл символдық әрекет қоғамның есірткі қаупіне қарсы бірлігін және жас ұрпақ үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға деген ортақ ұмтылысын көрсетті.

Іс-шараға Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері, Алмалы аудандық прокуратурасы, аудан әкімдігі, еріктілер ұйымдары, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері, қоғам қайраткерлері және белсенді қала тұрғындары қатысты.

Флешмобқа қатысушылар жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейтудің, халықтың есірткінің зияны туралы ақпараттануын арттырудың және азаматтарды салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға тартудың маңызын атап өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар қоғамның есірткі қатеріне қарсы иммунитетін нығайтып, мемлекет пен қоғамның есірткі қылмысына қарсы күрестегі күш-жігерін біріктіреді. Сондай-ақ, әр адамның өз денсаулығы мен ел болашағына жауапкершілікпен қарауы қажет екенін еске салады.

Флешмоб соңында қатысушылар жайылған алып тудың аясында естелік суретке түсіп, барша жұртшылықты салауатты әрі қауіпсіз өмір салтын ұстануға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#флешмоб
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы халықаралық Turkic Game Jam 2026 хакатонының алаңына айналды

Бүгін 17:13

Президент Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Жоғарғы сот төрағаларымен кездесті

Бүгін 16:40

Алматыда кезекті заңсыз нысан сүрілді

Бүгін 16:02

Алматыда Достық даңғылының, Зенков және Атамекен көшелерінің жекелеген учаскелерінде біржақты қозғалыс енгізіледі

Бүгін 16:01

Мемлекет басшысы Үкіметке бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымына ауқымды реновация жүргізу жөнінде тапсырма берді

Бүгін 15:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);