AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Коронавирус / Алматы эпидемиологы «омикрон» жаңа штаммына байлан...

Алматы эпидемиологы «омикрон» жаңа штаммына байланысты жаппай іс-шараларға қатысуды шектеуге шақырды

Коронавирус 30.11.2021, 07:41 1,401
Алматы эпидемиологы «омикрон» жаңа штаммына байланысты жаппай іс-шараларға қатысуды шектеуге шақырды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

«Омикрон» алдыңғы нұсқалардан көптеген жаңа мутациялармен ерекшеленеді.


Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде коронавирустың жаңа «омикрон» штамы ауыр зардаптармен дерттің жаңадан өршуіне әкелуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Әсел Қалықова мегаполис «жасыл» аймақта орналасқанына қарамастан, соңғы аптада коронавирустық инфекцияның 641 жағдайы тіркелгенін хабарлады. Өткен тәулікте – 34 жұқтыру жағдайы.


Спикер бүкіл әлемде эпидемиологиялық жағдай нашарлап, қатаң карантин режимі қайта енгізілгеніне назар аударды. Оңтүстік Африкадағы COVID-19 дельтасының жаңа, қауіпті «омикрон»  мутациясының пайда болуы туралы ДДҰ-ның ресми мәліметтері бар. Ол патогенді және жұқпалы «дельта» нұсқасынан асып түседі және организмдегі антиденелерді айналып өтуге қабілетті.



«Сондықтан халықты, әсіресе, қарттарды, созылмалы аурулары бар адамдарды, жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді вакциналауды ұлғайту қажет. Алматының барлық тұрғындары елде «омикрон»штаммның пайда болуына және таралуына жол бермеу үшін, әсіресе, демалыс және мереке күндері адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болуларына күш салу қажет», - деді Әсел Қалықова.



Маман «омикрон» жағдайлары Африканың 8 елінде (ОАР, Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Эсватини, Танзания), сондай-ақ Бельгияда, Израильде, Гонконгта, Германияда, Чехияда және Ұлыбританияда тіркелгенін айтты.


«Омикрон» алдыңғы нұсқалардан көптеген жаңа мутациялармен ерекшеленеді. Оның Қазақстанға әкелінуіне жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссия 3 желтоқсаннан бастап Ботсвана, ОАР, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Малави, Мадагаскар, Эсвитини, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға кіруін шектеу туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.


«Омикронға» қатысты КВИ жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар, ПТР нәтижесіне қарамастан, 7 күнге оқшаулануы тиіс. Мысырмен әуе қатынасын тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Омикрон #Вирус #мегаполис
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);