AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы Энергетика және электронды техникалар колле...

Алматы Энергетика және электронды техникалар колледжіне – 60 жыл

Әлеумет 31.12.2024, 10:00 1,856 Bakyt
Алматы Энергетика және электронды техникалар колледжіне – 60 жыл
Суреттерді түсірген - С.Құсайынов

Алматы Энергетика және электронды техникалар колледжінде оқу ордасының 60 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.
Мерейтойлық жиынға аталмыш оқу ордасында ұзақ жылдар қызмет еткен еңбек ардагерлері мен қаламыздағы басқа да оқу орындарының басшылары қатысты. Осы жылдар ішінде колледж ел өмірінің дамуына елеулі үлесін қосты.

Электр энергиясы мен жарықсыз даму мүмкін емес. Елімізде АЭС құрылысының қолға алынуы да осы қажеттілікті қамтиды. Алматы Энергетика және электронды техникалар колледжі – болашақта осындай алпауыт станцияларға қажет мамандарды даярлайтын жетекші оқу орны. Осыған орай үлкен жұмыстар қолға алынуда.

Алғашында "Энергоқұрылыс техникумы" деп аталған оқу ордасы заман талабына сай атауын бірнеше мәрте өзгертіп, қазіргі таңда "Алматы Энергетика және электронды техникалар колледжі" деген атпен нарыққа қажетті мамандар даярлап келеді. 60 жыл ішінде оқу орны 30 мыңға жуық білікті маман даярлап шығарды.

Мерейтой аясында бірнеше жаңа шеберхана ашылды:

  • "TESLO" ЖШС және "SMART LIGHT GROUP" ЖШС қолдауымен "Ақылды үй" автоматтандырылған басқару жүйесі шеберханасы;
  • "KAZ ENERGO POWER" ЖШС қолдауымен "Релелік қорғаныс және автоматика" шеберханасы;
  • "Legrand" компаниясының қолдауымен "Электр жабдықтарын орнату" шеберханасы.

Колледждің 60 жылдық тарихы оның білім беру саласындағы маңыздылығын тағы да дәлелдей түседі.

Тақырыпқа орай:

Бағдәулет АБЫЗБАЕВ, Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжінің директоры:

 

– Қазіргі кезде колледжімізде 1500-ден астам студент білім алып жатыр. Олар күндізгі және сырттай бөлімдерде білім алады. Оқу мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі. Колледж еліміздегі ең алдың­ғы оқу орнының бірі деп танылса, бұл ең алдымен материалдық-техникалық базаға да байланысты. Біздің колледж заманауи оқу орындарының бірі. Үш оқу корпусы бар. Сонымен қатар, 33 оқу кабинеті, 30 лаборатория,
14 оқу-өндірістік шебер­ханасы бар. Білікті маман даярлау үшін ең алдымен оқытушы өз білімін заман талабына сәйкес жетілдіріп отыруы керек. Осы орайда соңғы жылдары 60-тан астам оқытушымыз АҚШ, Англия, Чехия, Германия, Түркия, Франция, Сингапур, Малайзия, Венгрия, Словакия, Жапония, Бразилия, Беларусь мемлекеттеріне барып, біліктіліктерін көтеріп қайтты. Біздің колледж сапалы білім берумен қатар, салауатты ұрпақ тәрбиелеу жолында да үнемі белсенділік танытып келеді. Еліміздің энергетика саласын дамыту үшін біз қашанда өз үлесімізді қосуға дайынбыз!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#энергетика #техника #колледж
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);