конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы – еліміздің басты экономикалық драйвері

Алматы – еліміздің басты экономикалық драйвері

Әлеумет 18.12.2024, 12:14 755
Алматы – еліміздің басты экономикалық драйвері
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
 

2023 жылы Алматы қаласы экономикалық өсім бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімі Ерболат Досаев хабарлады. Оның айтуынша, қала экономикасының тұрақты даму қарқыны алдағы жылдары да жалғасын табады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Алматының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 6,6%-ға дейін өсті. Бұл қаладағы әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының тиімді жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың жалпы өсімі 5,5%-ды құрайды деп болжануда, ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 6,4%-ға дейін жеделдейді.

Алматының жалпы өңірлік өнімі 2023 жылы 24,8 трлн теңгеге жетті, бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Экономиканың негізгі драйверлері ретінде өңдеу өнеркәсібі, сауда, қаржы және сақтандыру қызметі (+12%), ақпарат және байланыс салалары айқындалды.

Алматының экономикалық тұрақтылығы мен жоғары әлеуеті оны Орталық Азияның жетекші экономикалық орталықтарының бірі ретінде көрсетіп отыр. «Мемлекет басшысының тапсырмаларын және қаламыздың даму бағдарламасын тиімді жүзеге асыру оның экономикасының тұрақты өсуімен тығыз байланысты», – деді Ерболат Досаев.

2025 жылға қарай Алматының экономикалық дамуы одан әрі жеделдеп, өңірдің тұрақты дамуына қосымша серпін береді деп күтілуде. Бұл көрсеткіштер Алматының ел экономикасындағы басты рөлін айқындай түседі.

Алматы өз тұрғындары мен бизнесіне қолайлы жағдай жасап, Қазақстанның және Орталық Азияның экономикалық дамуының көшбасшысы болуды жалғастыруда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #экономика #Ерболат Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);