AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы – Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ астанасы

Алматы – Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ астанасы

Алматы 10.09.2026, 16:15 296
Алматы – Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ астанасы

2026 жылғы 9 қыркүйекте Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ астанасы – Алматы қаласында, «Достық» спорт кешенінде Дүниежүзілік тоғызқұмалақ күніне арналған мерекелік спорттық жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараның салтанатты ашылуына Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Мерей Абзалбеков қатысып, жарысты ресми түрде ашты. Ол қатысушыларға сәттілік тілеп, ұлттық зияткерлік спортымыз – тоғызқұмалақты өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттаудың маңыздылығына тоқталды.

Жарысқа 200-ге жуық спортшы қатысып, рапид түрінен 5 тур бойынша өзара бақ сынады. Турнир қорытындысында жүлделі орындарға ие болған спортшылар Алматы қаласы Спорт басқармасының қолдауымен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерациясының вице-президенті Болат Оспанов тоғызқұмалақ спортын дамытуға, жас спортшыларды тәрбиелеуге және ұлттық ойынды кеңінен насихаттауға үлес қосып жүрген Алматы қаласының тоғызқұмалақ жаттықтырушыларына алғыс хаттар табыстады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық зияткерлік спорт түрі тоғызқұмалақты кеңінен дәріптеу, балалар мен жасөспірімдердің спортқа қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды өскелең ұрпақ санасына сіңіру және тоғызқұмалақ спортының бұқаралық дамуына қолдау көрсету.

Алматы қаласының Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ астанасы ретіндегі мәртебесіне сай, ұлттық зияткерлік спортымызды дамыту, бұқараландыру және халықаралық деңгейде кеңінен насихаттау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тоғызқұмалақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мәслихат сайлауының күнтізбелік жоспары бекітілді

Бүгін 17:18

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);