AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы «Дүниежүзілік қолөнер қаласы» атана ма?

Алматы «Дүниежүзілік қолөнер қаласы» атана ма?

Әлеумет 14.08.2024, 15:02 813 Bakyt
Алматы «Дүниежүзілік қолөнер қаласы» атана ма?
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Дүниежүзілік қолөнер кеңесінің президенті Саад Хани Аль-Каддуми мырзамен кездесті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

 

Алматы әкімі Ерболат Досаев пен Дүниежүзілік қолөнер кеңесінің (AISBL) президенті Саад Хани Аль-Каддуми қолөнерді дамытудың болашағы мен елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылады. Қала басшысы Алматының Қазақстанның мәдени, ғылыми-білім беру және іскерлік орталығы, шеберлер мен суретшілер үшін тартымды орталық екенін атап өтті.

Қалада зергерлік бұйымдар жасау, кілем тоқу, қыш жасау, былғары өңдеу және ағаш оюмен айналысатын 250-ден астам он саусағынан өнер тамған қолөнерші тұрады. Алматылық шеберлердің бұйымдары ЭКСПО және Дүниежүзілік қолөнер кеңесі сияқты айтулы іс-шараларда көрсетіліп, бірегейлігі мен шеберлігі үшін марапаттарға ие болып жүр. Фестивальдер мен жәрмеңкелерде шеберлер туындыларын көрсетіп, қызығушылық танытқандарға шеберлік дәрістерін өткізеді. Бұл іс-шаралар дәстүрлі қазақ қолөнерін сақтау, оны насихаттау және заманауи мәдениетке бірігуде маңызды рөл атқарады.

Кездесу барысында тараптар қолөнерді дамытудың туристік және экономикалық қырларын, жұмыс орындарын құру және экономикалық өсімді ынталандыру үшін оны дамытудың қажеттілігін талқылап, Алматыға «Дүниежүзілік қолөнер қаласы» (World Craft City) атағын беру мүмкіндігін қарастырды.

Анықтама үшін: Дүниежүзілік қолөнер кеңесі AISBL (1964 жылы 12 маусымда Нью-Йоркте құрылған) – жаһандық қолөнер өнерін және дәстүрлі қолөнерді сақтауға, насихаттауға және дамытуға ықпал ететін халықаралық коммерциялық емес ұйым. Кеңес ЮНЕСКО жанындағы кеңесші орган мәртебесіне ие. Ұйымның 2021-2024 жылдардағы штаб-пәтері Кувейтте орналасқан. Дүниежүзілік қолөнер қалаларының тізіміне Африка, Азия-Тынық мұхиты аймағы, Еуропа, Солтүстік және Латын Америкасының 57 қаласы енген, соның ішінде 2022 жылдан бастап Қазақстандағы қалалардың арасынан алғаш рет Тараз «Дүниежүзілік қолөнер қаласы» мәртебесін алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дүниежүзілік қолөнер қаласы #Алматы #Ерболат Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);