AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматы дәрігерлері церебральды инфарктпен түскен 8...

Алматы дәрігерлері церебральды инфарктпен түскен 80 жастағы науқасты аман алып қалды

Медицина 23.05.2022, 13:27 2,051
Алматы дәрігерлері церебральды инфарктпен түскен 80 жастағы науқасты аман алып қалды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Апаны қызы ес-түссіз күйде тауып, жедел жәрдем бригадасын шақырған


Төртінші қалалық аурухана дәрігерлері церебральды инфарктпен түскен 80 жастағы науқасты аман алып қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ауруханада 8 күн ем алған Бәйімбетова Зада апа сауығып үйге шыққалы жатыр.



«Қызыма қонаққа Қызылордадан келдім. Кенет жағдайым нашарлап, қол-аяғым ұстамай, шұғыл түрде осы ауруханаға түстім. Жақсы дәрігерлерді кездестіргенім үшін жаратқанға алғысым шексіз. Отадан кейін қол-аяғым қайтадан дұрыс істейді, өз бетіммен жүре аламын, қолымды көтере аламын. Аурухана ұжымына мың алғыс», – дейді Зада Жанәділқызы.



Науқасты мамырдың 15-інде №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімшесіне жедел жәрдем бригадасы алып келді. Науқас сөйлеу қабілетінің бұзылуына, бет асимметриясына, сол жақ аяқ-қолдарының әлсіздігі мен ұюына, жалпы әлсіздікке шағымданды.


Апаны қызы ес-түссіз күйде тауып, жедел жәрдем бригадасын шақырған, науқас 12 минут ішінде №4 қалалық клиникалық аурухананың неврология бөлімшесінің қабылдау бөліміне жеткізілген. Оны невропатолог, интернолог, реаниматолог, нейрохирург бірлесіп тексерді. Науқас шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды.


Диагнозы: ми артерияларының тромбозынан туындаған церебральды инфаркт. Оң жақ ортаңғы ми артериясының бассейніндегі ишемиялық түрдегі жедел цереброваскулярлық бұзылуы.



«Науқас ауыр жағдайда түсті, оң жақ ортаңғы ми артериясының бассейніндегі ишемиялық түрдегі жедел цереброваскулярлық бұзылуы. Емдеу тактикасын таңдаған кезде науқастың жасын ескердік. Клиникалық диагностикалық және зертханалық зерттеулер жүргізілді, оның ішінде бас миға КТ, қан тамырларын ультрадыбыстық зерттеу, рентген, ЭКГ жасалды. Терапевт, кардиолог, нейрохирург, анестезиолог-реаниматолог мамандар науқасты қарап шықты. Ота жасау шешімі қабылданды: бас және мойын тамырларының обструкциясын эндоваскулярлық жою – селективті церебральды ангиография жасалды. Оң жақ ортаңғы ми артериясының М1 сегментіндегі тромбтарды бір мезгілде тромбоаспирациялаумен (сақтау техникасы) рентгендік эндоваскулярлық механикалық тромбоэкстракция жасалды», - дейді  №4 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Нұржан Әжібеков.



Ота 50 минутқа созылды.


Хирургтар: Никатов Қуаныш Әбуеұлы, Айсаутов Алдонғар Бахтиярұлы.


Анестезиолог: Жұмабаева Камшат Сейдаханқызы.


Отадан кейін жағдайы тұрақталғанша Зада апа жансақтау бөлімінде кезекші медицина қызметкерлерінің қатаң бақылауында болды. Жағдайы тұрақталғаннан кейін одан әрі емделу үшін нейрохирургия бөліміне ауыстырылды.



«8-күні науқастың жағдайы жақсарып, үйге шығарылды. Науқастың оң динамикасын атап өткіміз келеді - ол орнынан тұрып, палата ішінде жүрді», - деп қорытындылады емдеуші дәрігер Айсаутов Алдоғар Бақтиярұлы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрігер #ота #церебральды инфаркт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);