ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алматы дәрігерлері омыртқаның кеуде тұсындағы жары...

Алматы дәрігерлері омыртқаның кеуде тұсындағы жарыққа микрохирургиялық ота жасады

Медицина 06.06.2022, 08:45 2,405
Алматы дәрігерлері омыртқаның кеуде тұсындағы жарыққа микрохирургиялық ота жасады
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Операция сәтті өтті.

Операция сәтті өтті.


Қалқамандағы №7 аурухананың дәрігерлері сирек кездесетін жарықты алып тастады. Ота ауруханадағы омыртқа хирургиясы бөлімшесінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жасалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Хабарламаға сүйенсек, пациент ұзақ уақыт бойы арқасы ауырғанын айтқан. Кейде тіпті, аяғы мен қолы ұйып, жүре алмай қалатын.



«Бұл аурудың белгілері әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, іш құрылысы, жүректің тұсы ауыруы мүмкін. Адам ентігіп, тыныс алуы қиындайды, өт пен бауыр тұсы шаншып ауырады. Уақтылы емделмесе, пациент жүре алмай, сал болып қалуы да ықтимал», - дейді бөлімше меңгерушісі Бақыт Ағлақов.



Айтуынша, омыртқаның кеуде тұсындағы жарық өте сирек кездеседі және өте қауіпті ауру болып есептеледі. Сондықтан мұндай белгілер байқалған жағдайда бірден нейрохирург маманға қаралған жөн.



«Көп жағдайда пациенттерге ота жасау туралы кеңес беріледі. Біз бұл пациентке де ота жасап, жарықты алып тастадық. Операция сәтті өтті, науқас отадан кейін өздігімен жүріп-тұра бастады, кеуде тұсының ауырғаны басылды», - дейді дәрігер.



Мамандар омыртқа арасындағы тіндердің сыртқа шығып, жарық пайда болуына жол бермеу үшін жиі әрі ұзақ серуендеуге кеңес береді. Жүзу, йога, гимнастикамен айналысу, жұмыс орнында тік, дұрыс отыру, таңертең және күні бойы жаттығу жасау арқылы бұл дерттің алдын алуға болады. Сонымен қатар, артық салмақ та омыртқада жарық пайда болуына әкеп соқтырады. Сол себепті зиянды, ащы және майлы тағамдардан бас тартып, жеміс-көкөністермен пайдалы тамақтану қажет, - дейді мамандар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.