AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматы дәрігерлері ауыр жарақаттан кейін науқастың...

Алматы дәрігерлері ауыр жарақаттан кейін науқастың көру қабілетін ішінара қалпына келтірді

Медицина 18.03.2026, 10:54 582
Алматы дәрігерлері ауыр жарақаттан кейін науқастың көру қабілетін ішінара қалпына келтірді
Сурет: Gov.kz

Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері аса күрделі ота жасап, өндірістік ауыр жарақат алған ер адамның көзін сақтап қалып, көру қабілетін ішінара қалпына келтірді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Науқас автокөлік жөндеу кезінде көз маңына темір құрал тиіп, жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Жарақат өте ауыр болған: көздің ағы мен қасаң қабығы жыртылып, ішкі құрылымдары сыртқа шыққан. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдайда көзді сақтап қалу мүмкіндігі өте төмен болады.

«Алғашқы болжам өте қолайсыз еді. Мұндай жағдайда көбіне көздің семуі дамып, оны сақтап қалу мүмкін болмай жатады», — дейді офтальмолог Гүлзат Әбдірайымова.

Соған қарамастан дәрігерлер бар мүмкіндікті пайдаланып, науқастың көзін сақтап қалу үшін күресті. Ем бірнеше кезең бойынша жүргізіліп, жоғары технологиялық әдістер қолданылған.

Алғашқы кезеңде шұғыл хирургиялық көмек көрсетіліп, жарақат тігілді. Кейін науқастың жағдайы тұрақтанған соң реконструктивтік ота жасалып, жасанды нұрлы қабық пен көз бұршағы салынды. Бұл үшін арнайы тапсырыспен дайындалған жеке имплант қолданылған.

Емдеудің соңғы сатысында қасаң қабықты трансплантациялау отасы жүргізілді. Донорлық материал көп мүшелі донорлық бағдарлама аясында туыстарының келісімімен мәйіттік донордан алынған.

Кезең-кезеңімен жүргізілген емнің нәтижесінде дәрігерлер көз алмасын сақтап қана қоймай, көру қабілетін де ішінара қалпына келтіре алды. Қазіргі таңда науқастың көру деңгейі шамамен 10 пайыз.

Мамандардың айтуынша, мұндай ауыр клиникалық жағдайда бұл көрсеткіштің өзі үлкен жетістік.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);