ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алматы дәрігерлері 510 грамм салмақпен шала туған...

Алматы дәрігерлері 510 грамм салмақпен шала туған нәрестені аман алып қалды

Медицина 26.01.2023, 13:28 1,472
Алматы дәрігерлері 510 грамм салмақпен шала туған нәрестені аман алып қалды
Сурет: Ашық дереккөз
Алматы дәрігерлері 107 күн бойы нәрестенің өмірі үшін күресті

Алматы дәрігерлері 107 күн бойы нәрестенің өмірі үшін күресті


Бүгін Алматының перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығынан 510 грамм салмақпен өмірге келген нәресте үйіне шығарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, нәресте өткен жылы 11 қазанда, анасының жүктілігінің 25 аптасында өмірге келген.


Алматы дәрігерлері 107 күн бойы нәрестенің өмірі үшін күрескен.



«Үйде қағанақ суы кете бастаған соң бірден жедел жәрдем шақырдым. Олар мені осы орталыққа алып келді. Мұнда маған барлық тексеру жүргізілді, содан кейін толғақ басталды. Өзім босандым, баланы туғаннан кейін бірден реанимацияға алып кетті», - дейді баланың анасы.



Орталықтың анестезиологтары бір жарым ай бойы баланың өмірі үшін күреседі.


Дәрігер неонатолог-реаниматолог Анель Бейсееваның айтуынша, нәресте 30 күн бойы өкпені жасанды желдету аппаратында жатқан және қажетті барлық медициналық көмектер жүргізілген соң ғана өкпені инвазивті емес желдетуге ауыстырылған.


38-ші күні бала өз бетінше дем ала бастады.



«Бала анасымен бірге «қырық күн» мерекесін осында атап өтті. Біз «қырқынан шығару» рәсімін өткіздік, баланы жуындырдық, тырнағын, шашын алдық, жалпы осы рәсімдегі барлық іс-әрекеттерді жасадық. Әрине, сондай-ақ реанимация ұжымы ана мен балаға өз тілектерін білдірді», - деді Анель Бейсеева.



Өмірінің 42-ші күні бала қарқынды терапия палатасына ауыстырылды.


Бөлімшенің емдеуші дәрігері Гүлмира Желдібаеваның айтуынша, кішкентай пациенттің жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланды.



«Барлық қажетті терапиядан соң оның жағдайы тұрақтанды. Бала шала туғандықтан, ретинопатиясы бар екені белгілі болды. Офтальмолог көру қабілетін түзету операциясын жасады, ол сәтті өтті. Қазір баланың жағдайы бірқалыпты, бала өз бетінше емеді, салмақ қосып жатыр. Қазіргі салмағы - 2710 грамм. Бүгін ол үйіне шығарылады. Әрине, болашақта балаға амбулаторлы түрде мамандар қарап тұрады», - деді ол.



Өз кезегінде сәбидің анасы бүкіл медицина қызметкерлеріне алғысын айтты.


«Мен осы орталықтың дәрігерлеріне ұлымның өмірін сақтап қалғаны үшін шын жүректен алғыс айтамын. Олар болмаса, не болатынын да білмеймін. Әрине, мені барлық жағынан, әсіресе, моральдық жағынан қолдаған медбикелер мен санитарларға да үлкен рахмет», - деді баланың анасы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.