Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы Condé Nast Traveller журналының назарында

Алматы Condé Nast Traveller журналының назарында

Әлеумет 10.12.2024, 11:34 929
Алматы Condé Nast Traveller журналының назарында
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Алматы Condé Nast Traveller көзімен: дәстүр мен заманауилықтың үйлесімі

Алматы Condé Nast Traveller көзімен: дәстүр мен заманауилықтың үйлесімі

Танымал итальяндық Condé Nast Traveller журналы Алматы жайлы кең көлемді материал жариялады. Лючия Галлидің мақаласы мен Джакомо Брецельдің фотосуреттері қаланы бай мәдениет, табиғи сұлулық және заманауи динамика үйлескен ерекше саяхат бағыты ретінде таныстырады.

Авторлар Алматыны Шығыс пен Батыс тоғысқан, дәстүр мен заманауи трендтер үйлесім тапқан орын ретінде сипаттайды.

Мақалада Алматының таңғажайып табиғи көріністері ерекше аталып өткен: Іле Алатауының асқақ таулары, Алтын Емел ұлттық паркінің «ән салатын» құм төбелері, су астындағы орманымен әйгілі Қайыңды көлі, Көлсай көлдері және бірегей Шарын каньоны. Табиғи мұраны Панфилов көшесі, Көк базар және Көк-Төбе секілді қаланың көрікті жерлері толықтырады.

Журнал мегаполистің гастрономиялық байлығын да ерекше атап өтеді.  Дәстүрлі қазақ тағамдарынан бастап, жергілікті асхананы неономадтық интерпретацияда ұсынатын заманауи мейрамханаларға дейін көрсетілген.

Алматы мақалада өз мәдени мұрасымен, сәулетімен және қонақжайлылығымен шабыт іздейтін әрі жаңа бағыт ашуды жан сүйетін туристер үшін тартылыс орталығы ретінде  бейнеленген.

Айта кетейік, бұған дейін Алматының туристік тартымды бағыт екені жайлы CNN Travel — әлемдегі ең ірі саяхат және туризм туралы ақпарат көздерінің бірі ауқымды мақала жариялаған еді. Бұл туындылар Алматының Орталық Азиядағы ең әлеуетті туристік бағыттардың біріне айналып, табиғи сұлулығы мен мәдени әралуандығымен бүкіл әлемнен саяхатшыларды қызықтырып жатқанын растайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,454 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,266 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,344 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,989 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,187 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.