AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «ALMATY CLEAN&GREEN»:  Наурызбай ауданында «Тазару...

«ALMATY CLEAN&GREEN»:  Наурызбай ауданында «Тазару күнінде» ерекше эко-ация өтті

Әлеумет 23.03.2025, 13:36 1,001
«ALMATY CLEAN&GREEN»:  Наурызбай ауданында «Тазару күнінде» ерекше эко-ация өтті
Almaty-akshamy.kz

«Almaty Clean&Green». Мереке қарсаңында Наурызбай ауданында өткен экологиялық акция осылай аталады. Республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен қаламыздағы «Алматы – ортақ үйіміз» эко-науқаны қазір жаңарудың жаршысы әз-Наурызбен тіпті де астасып, айрықша мәнге ие бола түсті.  

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков қатысқан бүгінші экологиялық акцияға экологтар, еріктілер мен беленділер, сондай-ақ, аудан тұрғындары да атсалысты. 

Шараның басты мақсаты – ұлттық мереке қарсаңында рухани тазару, ұлттық болмысқа мән беру. Сондай-ақ, қоршаған ортамызды, айналамызды таза ұстауға күш салу. Нәтижесінде төңіректегі арықтар аршылып, орындықтар, аулалар тазартылды.

– Бүгін – Мемлекет басшысы бастамасымен жүзеге асқан «Наурызнама онкүндігі» бағдарламасындағы  «Тазару күні». «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық науқанға қала әкімі бастамашылық етіп, зиялы қауым мен мәдениет өкілдері басқа да сала қызметкерлері атсалысуда. Қоршаған ортаны таза ұстау – ел мен жерге деген ізгі құрметтің белгісі. Мақсат – табиғатқа жанашырлық сезімін, ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру,_ – деді Азамат Қалдыбеков. 

Қолға алынған игі істер, атқарылып жатқан ілкімді шаруалардің нәтижесі жайында эко-белсенділер де өз ойларын ортаға салып, әлеуметтік өмірдегі қоршаған орта тазалығының маңызы жайында көзқарастарын бөлісті. 

– Бұл экологиялық акцияға 500-ден аса адам жұмылдырылды. Қатысушыларды ынталандыру үшін 10 номинация бойынша бағалау түзімін де қостық. Осындай сенбіліктің арқасында қала тазаланып, аула гүлденіп, айнала жинақы тұрады,  – деді Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова.  

Ал Наурызбай ауданы Көріктендіру бөлімінің басшысы Оңалбек Қыдырбаев сенбіліктің барысын егжей-тегжейлі түсіндірді:

– Сенбілікте орындық, шарбақ, жақтауларды боялып, қураған қуранды шөптер шабылып, жалпы қыстан кейінгі тазалау жұмыстар жасалды. Сондай-ақ ағаш егіліп, талдардың түбі қопсытылып, қоқыс шығарылып, жарық шамдар жөнделді. Тазалау жұмыстары Абай даңғылының Алатау мен Строительная көшелерінің аралығын қамтыды,_ – деді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Almaty Clean&Green #мереке #Наурызбай ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);