Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы БҚО-ға су тасқынына қарсы күреске қалай көм...

Алматы БҚО-ға су тасқынына қарсы күреске қалай көмектесіп жатыр?

Әлеумет 22.04.2024, 11:20 1,107
Алматы БҚО-ға су тасқынына қарсы күреске қалай көмектесіп жатыр?
Сурет: Aлматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының мамандары су тасқынына қарсы күрес кезінде 243 техника жұмылдырып, Батыс Қазақстан облысындағы қауіпті аумақтарға 23,5 км бөгет салды.


Қажетті арнайы техникамен жарақтанған Алматыдан келген мамандар бір аптадан астам уақыт бойы Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны болып жатқан жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсетіп келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Алматы әкімдігіне бекітілген Бәйтерек ауданының 11 ауылынан басқа (Январцево, Красноармейский, Спартак, Рубежный, Озерный, Дарьинск, Володарское, Байқоңыс, Ақсуат, Көшім, Янайкино) сондай-ақ Жайық кенті де сеніп тапсырылды.



Қазір ауданда Алматы әкімдігі ұсынған 243 техника жұмылдырылған, 76 200 шаршы метр арнайы су өткізбейтін материал (геотекстиль) бар.


Алматыдан техниканы жөнелту бейнежазбасы (https://www.instagram.com/reel/C5tMLznomL3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==)


Жедел штаб қызметі басталғалы су тасқыны қаупі жоғары 6 кентте барлығы 23,5 км бөгет салынды, су шайып кету қаупі бар аумақтарды нығайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кей жерде Алматыдан келген мамандар жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың бөгет салу кезінде жіберген технологиялық қателіктерін түзетті.



  • Январцево кентінде ұзындығы 6,5 км, биіктігі 3-тен 4,5 м-ге дейінгі топырақтан бөгет тұрғызылды. Су толқынының ықтимал соққысы бағытында ұзындығы 600 м және биіктігі 6 м-ге дейін топырақтан бөгет тұрғызылды, құрылымның бүкіл еніне геотекстиль төсеу жалғасып жатыр. Жұмыс 90% аяқталды.

  • Рубежинское ауылында ұзындығы 3 км, биіктігі 3-тен 5 м-ге дейінгі топырақтан бөгет салынды, бөгеттің шығыс және батыс бөліктерін қосу жұмыстары жүргізілуде, арақашықтық шамамен 800 м. Бөгетті нығайту жалғасып жатыр.

  • Дарьинское ауылында кент бойында Нұрпейісова көшесі бойында ұзындығы 1,4 км, биіктігі 6 метрден, табанының ені 10 метр бөгет тұрғызылды. Бекініс үшін бөгеттің сырт жағына құм салынған қаптар төселген. Озерная көшесі бойында ұзындығы 1 км бөгетті нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр, сондай-ақ жағалау бойында ұзындығы 0,7 км бөгет салынып жатыр. Үш бөгеттің жалпы ұзындығы 3,1 км.

  • Володарское ауылында кент бойында ұзындығы шамамен 2,1 км, биіктігі 3-тен 5 м-ге дейінгі топырақтан бөгет тұрғызылды.

  • Байқоңыр кентінде ұзындығы шамамен 4 км, биіктігі 3-тен 4 м-ге дейінгі топырақтан бөгет тұрғызылды.

  • Озерное ауылы кенттің шығыс жағынан ұзындығы шамамен 2,7 км, биіктігі 2-ден 4 м-ге дейін, табанының ені 4-тен 7 м-ге дейін, сөренің ені 2-ден 4,5 м-ге дейін топырақтан бөгет тұрғызылды.


Сонымен қатар, техника Орал қаласының маңында орналасқан Жайық кентіне жіберілді. Бұл ауылда бұрын өздерінің күшімен ұзындығы 1,7 км, биіктігі 1-ден 1,5 м-ге дейінгі топырақтан бөгет тұрғызылған. Кентті қорғауды күшейту үшін ұзындығы 3 км-ге дейін, биіктігі 2 м-ге дейін, ені 7 м-ге дейін, геотекстильді қолдана отырып, доғалы пішінді екінші топырақтан бөгет салу туралы шешім қабылданды.



 Айта кететін нәрсе, жедел жағдайға байланысты арнайы техника басқа кенттерге жіберіледі.


Алматылық мамандардан құрылған жедел штаб өз жұмысын Батыс Қазақстан облысындағы жағдай қалыпқа келгенше жалғастырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #БҚО #су тасқыны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы музейлерінің экскурсия жетекшілері марапатталды

Бүгін 15:13

"Халатымды ашып, төсімді ұстады". Алматыда курьер жігіт 7 тәулікке қамады

Бүгін 15:04

"Спорттан кете ме?" Сабина Алтынбекова мансабына қатысты сұраққа жауап берді

Бүгін 14:40

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.