ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы ботаникалық бағында аққуды мойнынан ұстаған...

Алматы ботаникалық бағында аққуды мойнынан ұстаған ер адам 7 тәулікке қамалды

Алматы 09.08.2025, 14:55 553
Алматы ботаникалық бағында аққуды мойнынан ұстаған ер адам 7 тәулікке қамалды
сурет: Алматы ботаникалық бағынан
Алматыдағы Ботаникалық бақта аққуды мойнынан қылқындырған 1983 жылғы ер адам бір тәуліктің ішінде анықталып, ұсталды. Кейін сот оған жеті тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады, деп...

Алматыдағы Ботаникалық бақта аққуды мойнынан қылқындырған 1983 жылғы ер адам бір тәуліктің ішінде анықталып, ұсталды. Кейін сот оған жеті тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz Ботаникалық бақтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 тамызда әлеуметтік желілерде ер адамның Ботаникалық бақ аумағында аққуды мойнынан қылқындырған сәті түсірілген видео тараған. Бұл жағдай қоғамның ашу-ызасын тудырды. Полицияның жедел әрекеті мен бақ қауіпсіздік қызметі берген бейнебақылау деректері арқасында құқық бұзушы анықталып, ұсталды.

Алматы қалалық сотының мәліметінше, бүгін өткен сот отырысында ер адамға жеті тәулікке әкімшілік қамау жазасы кесілді.

Ботаникалық бақ әкімшілігі бақ аумағы ерекше қорғалатын табиғи аймақ екенін, мұндағы жануарлар мен өсімдіктердің арнайы қорғауда болатынын еске салды. Аққудың жағдайын орнитолог мамандар тұрақты деп бағалады. Жақын уақытта аққулар тоғанының айналасына қоршау орнату жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, бақта келушілер санының артуына байланысты ережені бұзу оқиғалары да көбейген: көгалды таптау, өсімдіктерді зақымдау, қоқыс тастау, рұқсатсыз пикник өткізу. Тәртіпті сақтау үшін әкімшілік «Жасыл Патруль» еріктілерінің көмегіне жүгінуді жоспарлап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,270 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.