AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы бөлімшесіндегі теміржолшылар теңге жымқырып...

Алматы бөлімшесіндегі теміржолшылар теңге жымқырыпты

Заң мен тəртіп 24.03.2023, 12:20 1,355
Алматы бөлімшесіндегі теміржолшылар теңге жымқырыпты
Сурет: ашық дереккөз

Кәсіпорынның 80 млн теңгеден астам ақша ұрлаған есепшісі сотталды.


Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорлары «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Алматы бөлімшесінде аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлаудың қылмыстық жолдарын ашты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.


Тергеу мәліметтері бойынша, жалақыны есептеу үшін «SAP HRP» бағдарламасы мен кәсіпорынның Интернет-банкингі арасындағы интеграцияның болмауына байланысты алаяқтық әрекеттері іске асырылған, яғни бухгалтерлік есеп қызметкерлерге жалақы бойынша қажетті сандарды қоюға мүмкіндік берген.



«Төрт жыл ішінде артық төлемдер сенімді адамдардың картасына аударылып, артынша қолма-қол ақшаға айналдырылып, ұйымдастырушыларға беріліп отырған. Бүгінгі күні айыпталушы адам сотқа тартылды», - делінген Бас көлік прокуратурасының хабарламасында.



Бұған дейін кәсіпорында осындай қылмыс жасау арқылы 80 млн теңгеден астам ақша ұрлаған үшін 2023 жылдың қаңтарында жетекші бухгалтер Ж. Құндақбаева сотталды.


Жыл сайынғы аудиторлық тексерулер бұл кемшіліктердің барлығын анықтаған жоқ. Оларға құқықтық баға беру үшін сотқа дейінгі тиісті тергеу басталды.



«Сондай-ақ «SAP HRP» бухгалтерлік бағдарламасы «ҚТЖ «ҰК» АҚ көптеген кәсіпорындарында жұмыс істейтіні белгілі болды», - дейді ведомство өкілдері.



Көлік прокуратурасы мұндай ұрлыққа тосқауыл қою үшін ұлттық оператордың атына қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарау, бухгалтерия қызметкерлерінің негізгі іс-әрекеттерін цифрландыру және осы саладағы жұмысты тиісінше ұйымдастырмағаны үшін кінәлі лауазымды адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#теміржолшы #жымқыру #Бухгалтер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);