Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы – бизнес және капитал орталығы

Алматы – бизнес және капитал орталығы

Әлеумет 05.05.2023, 05:18 1,683
Алматы – бизнес және капитал орталығы
Cурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі отандық өндірушілердің ULTTYQ ÓNIM көрмесіне қатысушыларды құттықтады


Қала басшысы осындай ауқымдағы іс-шараны, отандық өндірушілердің жыл сайынғы «Ulttyq Ónim» көрмесін өткізу – Алматы мен жалпы ел үшін маңызды оқиға екенін тілге тиек етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Алматы – бизнес және капитал орталығы. Бүгінде шағын және орта бизнес қалалық жұмыспен қамтудың 87% (2022 жылы 998 мыңнан 868,5 мың) үлесін ала отырып, қалалық экономиканың 57,5% қалыптастырады. 2022 жылы ШОБ субъектілерінің өнім шығару көлемі 15,7 трлн теңгеге жетіп, 31,1% өсімді көрсетті, - деді қала әкімі Е.Досаев өз сөзінде.




ШОБ кәсіпкерлік бастамасының арқасында бүгінде қала ел экономикасының бестен бір бөлігін (2022 жылы 18,5%) және Қазақстанның мемлекеттік бюджеті кірістерінің төрттен бірін қамтамасыз етеді.


Биыл жыл басынан бастап мегаполисте іскерлік белсенділіктің айтарлықтай өсуі байқалады. Осы жылдың бірінші тоқсанында іскерлік белсенділік индексінің деңгейі бойынша (57,9%) Алматы Қазақстан өңірлері арасында бірінші орынға шықты. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 23,9%-ға дейін өсті.



«ШОБ дамыту әрқашан біздің назарымызда. Биыл мемлекеттік және қалалық бағдарламалар аясында басым бағыттағы 3 мыңнан астам жобаны қолдау үшін 44 млрд.теңге бөлінді. Құрметті қатысушылар мен қонақтар! Отандық өндірушілердің жыл сайынғы «Ulttyq Ónim» көрмесі Қазақстанда 7 рет, Алматыда бірінші рет өткізіледі. Біз сіздермен келесі жылы да кездесеміз деп үміттенемін. Бүгінде көрмеге Қазақстанның барлық өңірінен экономиканың түрлі саласындағы 300-ден астам отандық компания қатысады. Сіздерге жемісті әрі сындарлы кездесу, жаңа келісімшарт жасауларыңызды және біздің сүйікті Алматы қаласында уақытты жақсы өткізулеріңізге шын жүректен тілектеспін»! - деді Алматы әкімі Е.Досаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ULTTYQ ÓNIM #Көрме #қала әкімі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.