Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Алматы-біздің ортақ үйіміз»: қала мектептерінде б...

«Алматы-біздің ортақ үйіміз»: қала мектептерінде балалар 500-ден астам ағаш пен 20 мың гүл отырғызылды

Әлеумет 19.04.2024, 11:24 1,110
«Алматы-біздің ортақ үйіміз»: қала мектептерінде балалар 500-ден астам ағаш пен 20 мың гүл отырғызылды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында барлық оқу орындарында «Мектеп ауласының оазисі» ландшафт дизайн фестивалі өтті.


215 мектептің аулаларында абаттандыру жұмыстары аясында 5-11 сынып оқушылары 20 мың гүл, 430-дан астам жеміс ағаштары, 200-ден астам туи ағашын отырғызды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Оқушылар оқу ғимараттарының аулаларын әдемі және тартымды ету үшін белсенді жұмыс жасады.




«Біз көп уақытымызды мектепте өткіземіз, сондықтан ауламыздың әдемі және көз тартарлық болуы өте маңызды. Біз өзіміз отырғызған, суарған және күткен гүлдер мен ағаштардың өсіп жатқанын көргенде қуанамыз. Оларды көру үшін күн сайын мектепке асығамыз», - деді № 199 мамандандырылған гимназия оқушысы Лия Агентова.



«Мектеп ауласының оазисі» үздік жобаларының жеңімпаздары 24 сәуірде Студенттер сарайындағы экология және биология орталығында өтетін «Қызғалдақтар» фестивалінде марапатталады.


Мектеп ауласы-бұл оқу орнының көрсетілім картасы. Оның сыртқы түрі мектепке келуші жақсы әсер етуі тиіс.



Мектептің сауатты және қызықты көгалдандырылған ауласы оның оқушылары мен мұғалімдерінің беделін арттырады, барлығының көңіл-күйін көтереді. Сондай-ақ адам денсаулығына оң әсер етеді.


Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.



Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа арнайы QR-код арқылы қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және афишаларда кіруге болады.



Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы – біздің ортақ үйіміз #қоғам #белсенді
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.