Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Алматы - біздің ортақ үйіміз»: Бутаковка тауларын...

«Алматы - біздің ортақ үйіміз»: Бутаковка тауларында 500 өрік көшеті отырғызылды

Әлеумет 20.04.2024, 11:32 1,103
«Алматы - біздің ортақ үйіміз»: Бутаковка тауларында 500 өрік көшеті отырғызылды
Cурет: Aлматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Алматы - біздің ортақ үйіміз" кампаниясы аясында Бутаковкаға қаланың экология және қоршаған орта басқармасының "Медеу" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі қызметкерлерінің қолдауымен 500 жеміс ағашы - өрік отырғызылды.


Мекеме директорының орынбасары Ұзақ Мықитановтың айтуынша, бұл аталған учаскеде жасыл желектер алғашқы рет отырғызылып отырған жоқ. Өткен жылы Сиверс алма ағаштарының мың көшеті отырғызылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.





"Биылғы жылы таңдау өрік көшеттеріне түсті, өйткені олар таулы аймақтағы климаттық жағдайларға жақсы бейімделген. Өрік көшеттерін отырғызу алдында тамырлар кеуіп қалмас үшін арнайы болтушкаларда (жер мен су) ұстадық", - деп бөлісті ол. 



"Медеу" табиғи паркі қызметкерлерінен басқа, ағаш отырғызуға облыстық және қалалық Экология басқармаларының, Медеу ауданы әкімдігі мен прокуратурасының қызметкерлері, сондай-ақ экоактивистер мен еріктілер қатысты. 




"Кеше біз ардагерлері және зейнеткерлерімен бірге сенбілік өткіздік. Біз осы акцияларды жалғастырып, барлығын қаланы абаттандыру мен көгалдандыруды қадағалауға шақырамыз", - деді студенттік экопатрульдің басшысы Әділ Нұрпейісов.



Еске салсақ, "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны 8 сәуірде басталды. Әрбір тұрғын мегаполисті дамытуға және көгалдандыруға өз үлесін қоса алады. 



Барлық ақпарат аlmaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Сондай-ақ, веб-сайтқа қала бойынша орналастырылған баннерлерге, постерлер мен афишаларға арнайы QR-код арқылы кіруге болады.



Науқанның белсенді қатысушылары үшін әлеуметтік желілердегі хэштегтер:
#АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы - біздің ортақ үйіміз #акция #көшет егу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.