AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы бюджетінің кірісі 2022 жылдың қорытындысы б...

Алматы бюджетінің кірісі 2022 жылдың қорытындысы бойынша 42%-ға өсті

Әлеумет 16.06.2023, 06:21 1,028
Алматы бюджетінің кірісі 2022 жылдың қорытындысы бойынша 42%-ға өсті
almaty-akshamy.kz

Алматының 2022 жылғы жергілікті бюджет кірісі 1 175,1 млрд.теңге болды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 42%-ға артық, деп хабарлады Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Алтай Бердіқұлов қалалық мәслихаттың VI сессиясында.


Қала бюджетінің кірістер құрылымында негізгі үлес салық түсімдеріне тиесілі, ол 164,2 млрд. теңге көлеміндегі жоспарлы көрсеткіштен асып, 1 122,1 млрд. теңгеге жеткен. 2021 жылмен салыстырғанда салық түсімдері 332 млрд. теңгеге немесе 42%-ға ұлғайды.


2022 жылы салықтық емес түсімдер 16,5 млрд. теңге болды. Негізгі капиталды сатудан түскен кірістер 36,4 млрд. теңгеге жетті, жоспар 23,8%-ға асыра орындалды.



«Қаңтар оқиғасында бизнеске келтірілген залалмен байланысты жылдың ауыр басталуына қарамастан, әкімдіктің ШОБ-ты қалпына келтіру және қолдау бойынша уақытылы қабылдаған шаралары, сонымен қатар, МКД әкімшілендіруді жақсарту салықтан түсетін түсімдерді көбейтуде оң нәтижесін берді», - деді Алтай Бердіқұлов. 



2022 жылғы түсімдердің жалпы көлемінде 15,9% республикалық бюджеттен 224,1 млрд.теңге сомасында трансферттер (2021 жылмен салыстырғанда 28%-ға өсім), 0,6% - бағалы қағаздарды орналастырудан түсетін түсімдер, 0,01% - қаржы активтері мен бюджет несиесін сатудан және 0,1% - бюджет несиесін өтеуден түсетін түсім. 


2023 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша түсімдер 340,7 млрд.теңге болды, бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 139,2 млрд. теңгеге немесе 69%-ға көп.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бюджет #Бердіқұлов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);