AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы - Бейжің бағытында жаңа тікелей әуе рейсі а...

Алматы - Бейжің бағытында жаңа тікелей әуе рейсі ашылды

Барлығы 01.08.2025, 15:04 845
Алматы - Бейжің бағытында жаңа тікелей әуе рейсі ашылды
сурет: Алматы әкімдігі

30 шілде күні Алматы — Бейжің бағытындағы жаңа тікелей рейс ашылды. Бұл рейсті Air China әуе компаниясы жүзеге асырады. Ашылу рәсіміне Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй ханым, Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова, сондай-ақ, Алматы халықаралық әуежайы мен әуе компания өкілдері қатысты, деп хабарлайды Аqshamnews.kz. 

Air China — Қытайдың мемлекеттік әуе компаниясы және ұлттық әуе тасымалдаушысы, бас кеңсесі Бейжің қаласында орналасқан. Компания әлемдік Star Alliance әуе альянсының мүшесі және Қытайдағы ең ірі әуе тасымалдаушылардың бірі.

Тікелей рейстің ашылуы екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға, өзара туристік және іскерлік сапарлардың артуына, сондай-ақ, түрлі салада тәжірибе мен инвестиция алмасуға ықпал етеді. 2025 жылдың бірінші тоқсанында Алматыға Қытайдан 20 952 турист келген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 39,9% көп.

Қазіргі таңда Алматы Қытайдың Гуанчжоу, Сиань, Үрімжі, Шанхай, Ханчжоу және Санья қалаларымен тікелей әуе рейстері арқылы байланысқан. Жаңа рейс қазіргі бағыттарды толықтырып, екі ел арасындағы рейстер жиілігін арттырады. Қазіргі уақытта ай сайынғы рейстер саны 150-ден асады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әкімдік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);