ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы автобустарының бірінде айфонды қолды қылған...

Алматы автобустарының бірінде айфонды қолды қылған қалта ұрысы қолға түсті

Заң мен тəртіп 15.02.2023, 05:55 909
Алматы автобустарының бірінде айфонды қолды қылған қалта ұрысы қолға түсті
Сурет: Polisia.kz
Алматының тәртіп сақшылары қоғамдық көлікте ұрлық жасаған жігітті ұстады.

Алматының тәртіп сақшылары қоғамдық көлікте ұрлық жасаған жігітті ұстады. 


Әуезов аудандық ПБ-ның полиция қызметкерлерінің дерегінше,  қалта ұрлығымен айналысқан 27 жастағы азамат екені белгілі болды. Полицейлердің айтуынша, 1996 жылы туған Ж. есімді азамат, 118-бағыттағы қоғамдық көлікте Саин көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында, IPhone телефонын ұрлап кеткен, нәтижесінде 300 мың теңге материалдық шығын келтірген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Біздің бөлімшенің арнайы тобы мен Әуезов аудандық ПБ-ның қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті бұрын да осыған ұқсас қылмыстар үшін сотты болған. Қазір күдіктінің қалада бұрын да жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталыып жатыр. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.



Сонымен қатар, Әуезов аудандық полициясы, биылғы жылдың басынан бері Әуезов ауданында 19 қалта ұрлығы тіркелгенін хабарлады. Негізінен, ұрылар қоғамдық көліктердің ішінде адам көп жиналған уақытта жүреді.



«Біздің бөлімше қызметкерлері қалта ұрыларының алдын алу мақсатында арнайы науқан өткізіп, ескерту плакаттарын ілді және арнайы буклеттер таратты. Әдетте, қалта ұрылары негізгі жолаушылар ағыны болатын таңертеңгі және кешкі уақытта аялдамалар мен қоғамдық көлік бағыттарында ұрлық жасап жүреді. Олардың құрбандары көбінесе әйелдер мен қарт адамдар болады. Мұндай науқанды өткізудің маңыздылығын қала тұрғындары жоғары бағалап, қоғамдық орындарда қырағылық қажеттігін атап өтті», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.