AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы Autograph ТК тексеруден өтуде

Алматы Autograph ТК тексеруден өтуде

Әлеумет 26.09.2024, 16:40 993
Алматы Autograph ТК тексеруден өтуде
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы Жамакаев көшесінде салынып жатқан тұрғын үй кешенінің жобадан ауытқығаны туралы хабарлады.

Атап айтқанда, «Benta» ЖШС тапсырыс берушісі Autograph ТҮК қабаттылық нормасын бұзған. Эскиздік жобаға сәйкес, нысан 3 қабат + техникалық қабаттан тұруы керек. Алайда қазір кешеннің оңтүстік-батыс жағында 4 қабат, солтүстік-шығыс жағында 3 қабат бар. Сонымен қатар, нысанның ең биік жері шамамен 18 метр, ал рұқсат етілген биіктік 12 метрден аспауға тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Алматы қаласының Мәслихатының шешімімен және әкімдіктің ұсынысы негізінде құрылыс ережесіне бірқатар өзгеріс енгізілген болатын. Соның ішінде әл-Фараби даңғылынан жоғары орналасқан ғимараттар үшін 3 қабаттан аспайтын, жертөле қабатты қосқанда 12 метрден биік болмауы тиіс деген шектеулер бар. 

Қазіргі уақытта Autograph ТҮК-нің құрылыс-монтаждау жұмыстары тоқтатылып, бір ай ішінде бұзушылықтарды түзету және нысанды рұқсат беру құжаттамасына сәйкестендіру туралы нұсқама берілді. 

Айта кету керек, талаптарды орындамау сот талқылауларына, соның ішінде нысанның жартылай бұзылуына әкелуі мүмкін. 

Жалпы, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту тапсырмасы аясында былтыр жыл басынан бері 47 заңсыз нысан, соның ішінде «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» және басқа тұрғын үй кешендері толық немесе жартылай сүрілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылыс #қала бақылау #Тұрғын үй кешені
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);