ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы әуежайының коммерциялық нысандары мемлекет...

Алматы әуежайының коммерциялық нысандары мемлекет меншігіне қайтарылды

Заң мен тəртіп 07.04.2023, 10:45 1,107
Алматы әуежайының коммерциялық нысандары мемлекет меншігіне қайтарылды
Сурет: Abai.kz
Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасы заңсыз шығарылған мемлекеттік активтерді қайтару жөніндегі жұмыс шеңберінде Алматы халықаралық әуежай жолаушылар терминалының коммерциялық...

Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасы заңсыз шығарылған мемлекеттік активтерді қайтару жөніндегі жұмыс шеңберінде Алматы халықаралық әуежай жолаушылар терминалының коммерциялық үй-жайларын жеке тұлғалардың пайдасына заңсыз иеліктен шығарғанын анықтады.


Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Мәселен, 2003 жылы «Имстальком» АҚ Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша жаңа жолаушылар терминалын салды. Құрылыс аяқталғаннан кейін жаңартылған терминалдың сауда алаңдарының бір бөлігі мердігерге шарт бойынша 333 млн теңге мөлшерінде қалған соманы өтеу есебіне өтті.


Сонымен қатар, Ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижесі бойынша құрылыс салушы алдында қандай да бір берешек болмағаны белгілі болды.


Әкімдікке осы объектілерге меншік құқығын қайтару үшін авиациялық көлік прокуратурасы Түрксіб аудандық сотына жауапкер А.Бақтиярқызына жалпы ауданы 1 118,5 ш.м. жолаушылар терминалының коммерциялық үй-жайларын иеліктен шығаруға байланысты барлық мәмлелерді жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінді.


Соттың 29.12.2022 жылғы шешімімен прокуратураның талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылды. Сот актісі ағымдағы жылдың 13 наурызында күшіне енді.



«Бүгінгі таңда соттың шешімін орындау аясында меншік құқығын Алматы қаласы әкімдігіне тіркеу «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ бойынша, ал Әділет департаментімен объектілерді мемлекет пайдасына тікелей беру жұмыстары басталды», - делінген Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.