AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы әуежайында тәртіп бұзған жолаушы жауапқа та...

Алматы әуежайында тәртіп бұзған жолаушы жауапқа тартылды

Заң мен тəртіп 29.05.2025, 17:10 870
Алматы әуежайында тәртіп бұзған жолаушы жауапқа тартылды
Сурет: Polisia.kz

Алматы әуежайында халықаралық рейс барысында қоғамдық тәртіпті бұзған жолаушы ұсталды.

28 мамыр күні Сеул–Алматы бағытындағы әуе рейсінде Түркістан облысының 23 жастағы тұрғыны ұшу кезінде тәртіпке бағынбай, ұшақ бортында бейәдеп сөздер айтып, экипаж мүшелерінің заңды талаптарын орындаудан бас тартқан, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Polisia.kz мәліметінше, жолаушы дөрекі іс-әрекетін ұшақ қонғаннан кейін, Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері араласқан соң ғана қойған. 

Ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұсталып, жауапқа тартылды. Әуе компаниясы өкілдері құқық бұзушының әрекеттерін арнайы актімен рәсімдеді. Нәтижесінде азаматшаға қатысты шара қолданылды. Көліктегі полиция департаментінің дерегінше, жыл басынан бері әуе рейстері кезінде жасалған түрлі құқықбұзушылықтар бойынша 207 адам жауапқа тартылған. 

Олардың ішінде 127 жағдай – қоғамдық орындарда мас күйінде болу және ішімдік ішу, 50 – ұшақта темекі шегу, 13 – ұсақ бұзақылық, қалғандары – өзге де тәртіп бұзушылықтар. Полиция жолаушылардан ұшу кезінде экипаждың талаптарын мүлтіксіз орындауды және борттағы тәртіп ережелерін сақтауды сұрайды, өйткені мұндай әрекеттер бүкіл рейстің қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әуежай #тәртіпсіз жолаушы #ұшақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);