AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы әуежайында бомба бар деген өзбекстандыққа а...

Алматы әуежайында бомба бар деген өзбекстандыққа айыппұл салынды

Заң мен тəртіп 05.09.2025, 11:16 978
Алматы әуежайында бомба бар деген өзбекстандыққа айыппұл салынды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Әуежайдың халықаралық ұшуларға арналған тіркеу бағанында Өзбекстан Республикасының 18 жастағы азаматы қалжың түрінде өз жүгінде «атом бомбасы» барын айтып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Шетел азаматы ҚР ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері түрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар жасағаны үшін жолаушылар поездары мен ұшақтардан акт бойынша 900 деструктивті жолаушыны, яғни, оның 489-ы жолаушылар пойыздарынан, ал 411-і әуе кемелерінен түсірілген.

Тиісті нормалар мен ережелерді бұзу көп жағдайда азаматтардың алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келулермен байланысты. Сондай-ақ, ұсақ бұзақылық, вагондарда темекі шегу және басқа да бұзушылықтар болған. 

- Мұндай деректер жиі кездеседі. Жолаушылар мұндай әрекеттерінің соңы құқықтық жауапкершілікке әкеліп соғатынын білмей жатады. Көлік полициясы кез келген көліктегі жағдайды тұрақсыздандыру немесе қорқыту әрекеттері елеулі қауіп ретінде қарастырылатынын және кінәлілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын тағы да еске салады, делінген хабарламада. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әуежай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);