Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы аудандарында тазалық жұмыстары жүріп жатыр

Алматы аудандарында тазалық жұмыстары жүріп жатыр

Әлеумет 02.02.2023, 09:11 1,417
Алматы аудандарында тазалық жұмыстары жүріп жатыр
Суреттерді түсірген Қайрат ҚОНЫСБАЙ

Әуезов және Түрксіб аудандарындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларында тазалықты қамтамасыз ететін мердігерлер анықталып, аула тазалауды қолға алды. Қала әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен биыл аулаларды тазартуға бюджеттен қаржы бөлінген болатын.


 


Жайық АЛТАЙҰЛЫ, Әуезов ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы:



  • Қала әкімінің тапсырмасымен 1 қаңтардан бастап аула аумағын тазалау жұмыстары жүргізілуде. Әуезов ауданы бойынша 10 мердігер компания жұмыс істейді. Тұрғындар тарапынан қоқыс жәшіктері мен аула аумағындағы балалар ойнайтын алаңды тазалау жөнінде арыз-шағымдар бар. Сол бойынша тиісті шаралар қабылдануда. Кіре беріс, жаяу жүргінші жолдары, қоқыс жәшіктері тазаланады. Жұмыс барысы таңертең сағат 8-ден кешкі сағат 17.00-ге дейін күнделікті жүргізіледі. Аудан бойынша 500-ден астам жұмысшы, 47 техника бар. «Сайран», «Тастақ» ықшамаудандарындағы 16 аула тазалануда. Одан бөлек, қар жауғанда мобильдік топ жұмыс істейтін болады», - дейді мердігер ұйымның басшысы Руслан Жарасбаев.



Айдос БЕКЕТАЕВ, Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары:


- Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен аулаларды тазалауға бюджеттен қаржы бөлінген болатын. Қазіргі таңда Түрксіб ауданында 594 аула бар. Осы аулаларға барлығы 36 мердігер компания  қызмет көрсетеді. Дәл қазір Түрксіб ауданындағы «Алтай» ықшамауданы, Майлин көшесі, 71 аула аумағына «Строй сервис» компаниясының 34 жұмысшысы және техникалар жұмылдырылды.  Олар ауладағы мұзды ойып, қарды тазалайды, тротуарларды қардан тазартып, қоқыстардан арылтады, балалардың ойын алаңы да ретке келтіріледі. Біз барынша аула тазалаушы жұмысшылардың бәрін жұмыспен қамтуға, жұмыссыз қалдырмауға тырысамыз. Олар әркім өз жағдайына байланысты кейбірі толық жұмыс күніне келіседі, кейбірі денсаулығына, отбасылық жағдайына байланысты толық емес жұмыс күнін таңдайды. Жұмысшылардың арасында зейнет жасындағы адамдар да бар. Әркімнің еңбегіне қарай, жұмыс көлеміне қарай жалақысы төленеді.



Жайна БАЙКЕШОВА, Түрксіб ауданының тұрғыны:


-Түрксіб ауданының әкіміне, әкімнің орынбасарларына, Тұрғын үй шаруашылығы бөлімінің қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз. Ауламыз үнемі уақытында тазаланады. Аула тазалаушылар ай сайын келіп қарды тазалап, жолдарды ашып кетеді. Биыл қар мол түсті. Ауламыз көлеңке жақ болғандықтан көшелерге жиі мұз қатып, балалардың, қарт адамдардың жүруіне қиындық туғызатыны рас. Ал әкімдіктің жұмысшылары демалыс, мереке күндеріне қарамастан өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарайды, әрдайым келіп ауланы тазартып отырады. Сол үшін барша тұрғындардың атынан әкімшілікке ризашылығымызды білдіреміз. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #аулалар #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.