ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / "Almaty aqshamy" газетінің бас редакторы тағайында...

"Almaty aqshamy" газетінің бас редакторы тағайындалды

Алматы 08.01.2026, 17:52 288
"Almaty aqshamy" газетінің бас редакторы тағайындалды
Сурет: Мейіржан Әуелханұлы
"Almaty aqshamy" газетінің басшылығы ауысты

"Almaty aqshamy" газетінің басшылығы ауысты

Қаланың бас басылымдарының бірі жаңа тәжірибелі командаға сеніп тапсырылды. Бұл туралы "Alatau Aqparat" медиа холдингінің директоры Ержан Қалымбайұлы ресми хабарлады

Газеттің бас редакторы қызметіне журналист Естай Божан тағайындалды. Ол медиа саласында өзіндік қолтаңбасы бар, қаламы жүйрік маман ретінде белгілі.

Сонымен қатар редакция құрамында басқа да ауыс-түйіс болды. Бас редактордың орынбасары  болып Серік Жұмабаев, жауапты хатшы ретінде  Құралай Иманбекқызы тағайындалды.

Ержан Қалымбайұлының айтуынша, бұл үш маман да "Ақшамның" өз қазанында қайнап, тәжірибе жинаған мамандар. Олардың кәсіби біліктілігі басылымның дәстүрлі құндылықтарын сақтап, оны заманауи форматқа бейімдеуге мүмкіндік береді.

"Almaty aqshamy" - қазақ журналистикасында орны бөлек, тарихи басылым. Бұрын газетті Ерғали Сағат пен Қали Сәрсенбай сияқты марғасқалар басқарған. Кейінгі жылдары тізгінді ұстап келген Төрехан Данияров құрметті еңбек демалысына шықты. Әріптестері оған газеттің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, жаңа өмір кезеңінде сәттілік тіледі.

Жаңарған команда газетті жаңа деңгейге көтеріп, мегаполистің тыныс-тіршілігіне сай мазмұн ұсынуды мақсат етіп отыр. "Almaty aqshamy" оқырмандардың сұранысына жауап бере отырып, дәстүрлі құндылықтарын сақтап, заман талабына сай жаңаша форматта жұмысын жалғастырады деген сенім бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.