AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы алмасы. Алтын Адам. Көк байрақ

Алматы алмасы. Алтын Адам. Көк байрақ

Әлеумет 25.10.2024, 22:05 2,169
Алматы алмасы. Алтын Адам. Көк байрақ
Суреттерді түсірген - Кайрат Қоныспаев

850 дронның көмегімен Алматыда Республика күніне орай анимациялық шоу ұйымдастырылды

 

2024 жылғы 25 қазанда Алматыда Республика күнін мерекелеуге орайластырылған дрондар шоуы өтті. Қаланың мыңдаған тұрғыны мен қонағы ұмытылмас көріністі тамашалау үшін Абай алаңы мен Астана алаңына жиналды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Абай алаңынан 500-ден астам дрон синхронды түрде көкке көтеріліп, бірегей 3D визуалды бейнелер жасады. Инсталляциялар ұлттық мәдениеттің элементтерін және ел тарихындағы маңызды сәттерді бейнелеп, бірлік пен мақтаныш рухын ерекше бейнеледі. Жарық шоуы музыкалық шығармалармен сүйемелденді.

Қала тұрғындары мен қонақтары Қазақстан картасын, аңызға айналған Алтын Адамды, ноталар мен домбыраны, көк байрағымызды, Алматының бірегей флорасының символы — қызғалдақты, күш пен бостандықты бейнелейтін керемет қар барысын және Алматы алмасы - апортты, қаланы көрнекті ғимараттары мен тауларын қызықтады. 

Кейін 21:30-да Астана алаңынан аспанға тағы 350 дрон көтерілді. Көкте бостандық пен тәуелсіздіктің символы іспетті қалықтаған бүркіттің бейнесі, Қазақстан картасы,«КөкТөбе» телемұнарасы, аспалы жол және Алматының танымал көрікті жерлері, бейбітшілік пен отбасылық игіліктің символы - шаңырақ, қалаға және жалпы біздің елге деген сүйіспеншіліктің белгісі ретінде жүректер бейнеледі. Одан бөлек, «25 қазан – Республика күні құтты болсын!» деген құттықтау сөзі пайда болды. 

Астана алаңындағы шоу шамамен 20 минутқа созылды және демеушілер есебінен ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылар дәстүрлі отшашудың орнына дрондарды пайдалану —  мерекелеудің инновациялық тәсілі ғана емес, сонымен қатар технологиялық даму мен экологиялық бастамаларға деген ұмтылыстың символы болғанын атап өтті. Бұл шешім қоршаған ортаға әсерді азайта отырып, бірегей визуалды эффектілерді жасауға мүмкіндік берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Республика күні #дрондар #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);