ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматы алғашқы жарты жылдағы экологиялық жұмысты қ...

Алматы алғашқы жарты жылдағы экологиялық жұмысты қорытындылады

Әлеумет 12.08.2025, 11:56 504
Алматы алғашқы жарты жылдағы экологиялық жұмысты қорытындылады
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 2025 жылдың алғашқы алты айындағы Экология департаментінің жұмыс қорытындысына арналған баспасөз конференциясы болып өтті.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 2025 жылдың алғашқы алты айындағы Экология департаментінің жұмыс қорытындысына арналған баспасөз конференциясы болып өтті.

Департамент басшысының орынбасары Дінмұхамед Лесбеков қала экологиясын жақсарту бағытында жүргізілген іс-шараларды, кәсіпорындардағы бақылау мен экологиялық мәселелерге қатысты жол картасының қалай жүзеге асып жатқанын баяндап берді.

Спикердің айтуынша, департаментке экологиялық рұқсатнамалар алу үшін 103 өтініш түскен, оның 87-сі өңделген. Бірінші категориядағы нысандар, оның ішінде «АлЭС» акционерлік қоғамы мен ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар қоршаған ортаны қорғауға 543 миллион теңгеден аса қаржы жұмсаған. 1 ЖЭО-да көмірқышқыл газы мен азот оксидтерінен бөлінетін зиянды заттың көлемі азайып, басқа станциядағы шаң-газды тазарту қондырғылары жөндеуден өтіп, суды шығындау мен ластануды жағын да азайту көзделген.   

Осы кезеңде мемлекеттік экологиялық инспекторлар 49 тексеру жүргізіп, оның  16-сы жоспардан тыс тексеру болды. Соның арқасында 28 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 23 айыппұл салыныпты.
Сарапамалық бақылау бөлімінің зертханасы Алматы қаласының ауасы мен су көздеріндегі ластануы артқанын анықтамады. Өндірістік шығарындылар, ағынды сулар, топырақ сапасы мен автокөліктің тексерісі бойынша тұрақты мониторинг жүргізіліп жатыр. 2024 жылғы осы уақытпен салыстырғанда заң бұзушылық саны, әсіресе дизельді көліктер бойынша едәуір азайған.   

Алматының экологиясын оңалтуды көздейтін жол картасы ТЭЦ-тің зиянды әсерін азайтудан бастап, жасыл желектерді нығайту мен қалдықтарды басқаруға дейінгі жеті бағытты қамтиды.  Қазір бұлар біртіндеп қолға алына бастады. Мысалы, 2024–2028 жылға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасы келісіліп жатыр. 

Алматы қаласындағы экологиялық жағдай жүйелі тәсілді талап етеді. Табиғат пайдаланушыларымен бірлесіп жұмыс істеп, үзбей зертханалық бақылау жасап, заң бұзушылыққа жауапкершілікті күшейте түссе, экологияны жақсартуға сеп болатынын айтады Департамент өкілдері.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.