ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматы әлем назарында! Қазақстандық жұлдыздар "Қай...

Алматы әлем назарында! Қазақстандық жұлдыздар "Қайратқа" қолдау білдірді

Алматы 30.09.2025, 10:31 539
Алматы әлем назарында! Қазақстандық жұлдыздар "Қайратқа" қолдау білдірді
Алматы әкімдігі
Алматы әлем назарында!

Бүгін "Қайрат" пен "Реал Мадрид" футбол клубтары арасында маңызды матч өтеді. Қазақстандық жұлдыздар "Қайрат" футбол клубына қолдау білдірді. Танымал тұлғалар жанкүйерлерді жігерлендіріп жатыр, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

"Бұл - ел үшін маңызды ойын" - Октябрь Алтаев

Танымал өнер иесі Өктем Алтаев "Қайраттың" әр матчі ел намысымен тікелей байланысты екенін атап өтті. 

"Бұл - біздің ел үшін, Алматы үшін өте маңызды матч. Өйткені бұл ойынды көру үшін әлемнің түкпір- түкпірінен жанкүйерлер ағылып келеді. Біз - қонақжай халықпыз, шетелден келген қонақтарға тектілігімізді, мәдениетімізді көрсетейік. Бәріміз шын жүректен сүйікті командамыз "Қайратқа" қолдау білдірейік", - деді ол. 

Арман Боранбай: "Жастарға үлгі болар сәт"

Актер әрі режиссер Арман Боранбай алматылықтарды қала тазалығын сақтауға шақырды. 

"Орталық стадионда "Қайрат" пен "Реал Мадрид" кездеседі, бұл матч қаламыздың тарихына мәңгілікке жазылатыны анық. Құрметті алматылықтар мен шаһар қонақтары, әлемге футболға деген құштарлығымызды ғана емес, өз мәдениетімізді де көрсетейік! 
Қонақжай болайық, әртүрлі елдерден келген жанкүйерлерге құрмет танытайық. Стадионда болсын, дәмханалар мен пабтарда болсын – қай жерде жүрсек те, Алматы тазалығы мен тәртібімен жарқырауға тиіс. Қаламызды тек қазақы қонақжайлылығымызбен емес, өз үйімізді қадірлеп, аялауды білетінімізбен де даңққа бөлейік!" - деді ол. 

"Қайраттың қайтпасын, "Қайрат!" - Нұрдәулет Ақыш

Жазушы Нұрдәулет Ақыш өз алаңында ойнаудың жауапкершілігін ерекше атап өтті. 

"Ертең - қазақ футболы үшін ғана емес, қазақ спортының тарихындағы айтулы белеске айналатын күн. Баласы атқа шапса, анасы тақымын қысады деуші еді. Ертең миллиондаған тақымның қысылатын күні. Жерлестерімізе жеңіс тілейміз. Қайраттың қайтпасын, "Қайрат!" - деді ол.

Болат Жұмағалиев: "Футбол – халықты біріктіретін күш"

Дінмұхамед Қонаев халықаралық қорының мүшесі Болат Жұмағалиев футболдың әлеуметтік рөлін айрықша айтты. 

"Бүгін - өте маңызды күн. Біз келген қонақтарға қандай мәдени ел екенімізді көрсетуіміз керек. Ауа райына байланысты киініп шығуыңызды ұмытпаңыздар. Ертең бәрі жақсы болатынына үміттенемін", - дейді ол. 

Әкежан Кеңесов: "Алматы әлем назарында!"

"Жетісу аудандық комьюнити орталық" жетекшісі, Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі мүшесі Әкежан Кеңесов командаға сенім білдірді. 

"Алматы - әлем қаласы! Бүгін - сөзсіз тарихи оқиға. Алматы әлем назарында! Мыңдаған турист келіп жатыр. Құрметті қазақстандықтар, мәдениеттілігімізді барынша көрсетейік, стадионда тазалық сақтайық! Жігіттерге сәттілік, Алға Қайрат!" - деп қорытындылады Әкежан Кеңесов. 

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы Орталық стадионда "Қайрат" футбол клубы мен "Реал Мадрид" арасындағы көптен күткен кездесу 21:45-те басталады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.