AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әлем назарында: Орталық стадион алдындағы а...

Алматы әлем назарында: Орталық стадион алдындағы атмосфера қандай?

Барлығы 21.10.2025, 19:54 522 Дина
Алматы әлем назарында: Орталық стадион алдындағы атмосфера қандай?
сурет: Нұрбол Ынтымақұлы

Алматылық «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» арасындағы матч алдында Орталық стадионға жанкүйерлер жиналды. Ойын алдындағы атмосфера қандай? Аqshamnews.kz тілшісі оқиға орнынан эксклюзив фотолар ұсынады. 

«Қайратқа» сенім артқан жанкүйерлер

Ойынға бірнеше сағат қалса да, Орталық стадион маңында жанкүйерлердің қарасы қалың. Жастар да, орта жастағылар да, тіпті балаларымен келген отбасылар да көп. Барлығының жүзінен қуаныш, қобалжу мен мақтаныш сезімі байқалады. Жанкүйерлер қолдарына туларын, шарфтарын ұстап, ұрандап, ән айтып, клубқа деген шынайы қолдауларын білдіріп жатыр. 

Алмасбек Батырдың ерекше көлігі көзге түсті

Жанкүйерлер арасында Алмасбек есімді жанкүйер өзінің арнайы безендірілген көлігімен келген. Бұл көлік – кәдімгі көлік емес, «Қайраттың» қозғалмалы көрмесі дерсің.

Көлік сыртына клубтың логотипі салынып, сары-қара бояулармен көмкерілген.

Футбол – отбасылық мерекеге айналды

Ойын алдындағы ең әсерлі көріністердің бірі – балаларымен келген жанкүйерлер. Көптеген отбасылар бұл матчты асыға күтіп, арнайы дайындалып келген.

Әкесі мен ұлы бірдей футболкалар киіп, анасы мен қызы жалауша ұстап, фотоға түсіп жүр.

Клуб атрибутикасына сұраныс жоғары

Стадион сыртында бірнеше шағын сауда орындары орналасқан. Мұнда клуб жейделері, шарфтары, жалаушалар мен қалпақтар сатылып жатыр.

Жанкүйерлер сүйікті командаларының символикасын кеуделеріне тағып, стадионға ерекше дайындықпен кірмек.

Ойын басталмай жатып-ақ атмосфера қыза түсті. Алматыдағы Орталық стадион маңында шынайы футбол мейрамы өтіп жатыр десе де болады. Жанкүйерлер тек жеңіс үшін емес, "Қайратқа" рух беру үшін жиналған. Ал біз матчтың өзінен де, нәтижесінен де үміт күтеміз.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қайрат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);