AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімінің орынбасары қаланың әлеуметтік ныса...

Алматы әкімінің орынбасары қаланың әлеуметтік нысандарының құрылыс барысын тексерді

Барлығы 15.10.2025, 14:46 451 Сұлу
Алматы әкімінің орынбасары қаланың әлеуметтік нысандарының құрылыс барысын тексерді
Алматы әкімдігі

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов жұмыс сапары аясында қаланың Түрксіб ауданындағы әлеуметтік нысандардың құрылысы мен жаңару барысын тексерді.
 
Жас Қанат шағынауданында күніне 1350 бала келетін оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығының құрылысы басталды. 14 мың шаршы метр алаңда спорттық-сауықтыру бассейні, үйірме жұмыстарына арналған 42 кабинет, зертханалар, планетарий және жылыжай орналасады. 

«Бұл жоба ең жоғары стандарттарға сәйкес  әрі ғылыми-техникалық, көркемдік-эстетикалық және спорттық-түзету бағыттарын біріктіретін және балаларды жан-жақты дамытатын көпсалалы алаңға айналады. Біз құрылыстың барлық кезеңін жіті қадағалаймыз. Барлық жұмыс келесі жылдың күз айында аяқталуға тиіс», - деді Бейбіт Шаханов.

Бұдан соң қала әкімінің орынбасары Алтай шағынауданында салынып жатқан ауысымында 500 адам қабылдайтын емхана құрылысында болды. Бұрынғы ескі нысан бұзылып, құрылыс жұмыстарына дайындықтар жүргізіліп жатыр. Құрылыстың аяқталу мерзімі - 2026 жылы қыркүйек айы.

Жаңа медициналық мекеме ультрадыбыстық аппаратты, цифрлық флюорографты және маммографты, сондай-ақ рентген, МРТ және КТ жүйелерін қоса алғанда, заманауи құрылғылармен жабдықталады. Бұл алғашқы медициналық көмек көрсетудің бірыңғай стандартына сәйкес диагностикалық рәсімдердің тиімділігін және қызметтердің жалпы сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл күні Бейбіт Шаханов 850 оқушыға арналған №50 мектеп ғимаратын сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жұмыстарының барысын да тексерді.  Мұнда құрылыс-монтаж жұмыстары ақпан айында басталып, осы айда бітуі керек болатын. Қазіргі кезде нысан ішін әрлеу жұмыстары жүргізіліп, спорт алаңдары жасалып, аумақ көркейтіліп жатыр.

Сонымен қатар, Алматы әкімінің орынбасары Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының ғимараттарын қайта жаңарту жұмыстарының қарқынымен танысты. Мұнда қалалық бюджет қаржысы есебінен инженерлік желілері жаңартылып, бірнеше блок пен асханаға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Тексеру соңында Бейбіт Шаханов Құрылыс басқармасына аталған нысандардағы жұмыстардың сапасы мен орындалу мерзіміне бақылауды күшейтуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #орынбасар #нысан #аралау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);